Қызметкерлер — Сырым ауданының әкімдігі

    Сырым ауданының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    4
    Батырниязов Жұмагелді Жолдыбайұлы
    Қызметкерлер

    Батырниязов Жұмагелді Жолдыбайұлы

    Сырым ауданының әкімі

    Күні қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері қабылданған босатылған 01.09.1999 08.01.2003 Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті, Орал қаласы 07.06.2004 16.08.2004 Сырым аудандық еңбек, тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші маманы, Жымпиты ауылы 19.08.2004 01.06.2006 Батыс Қазақстан облысы көлік және коммуникациялар басқармасының жолаушылар көлігі бөлімінің жетекші маманы, Орал қаласы 01.06.2006 27.10.2006 Батыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы, Орал қаласы 27.10.2006 02.10.2007 Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы, Орал қаласы 02.10.2007 05.05.2008 Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің сыртқы экономикалық байланыстар және туризмді дамыту бөлімінің бастығы, Орал қаласы 05.05.2008 05.01.2009 Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сыртқы экономикалық байланыстар, туризм және лицензиялау бөлімінің бастығы, Орал қаласы 05.01.2009 08.04.2010 Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бастығы, Орал қаласы 08.04.2010 15.07.2010 Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану бөлімінің бастығы, Орал қаласы 15.07.2010 19.04.2012 Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты өнеркәсіп және сыртқы экономикалық байланыстар мәселелері жөніндегі бас инспекторы, Орал қаласы 19.04.2012 04.06.2012 Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі бас инспекторы, Орал қаласы 04.06.2012 19.08.2013 Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі бақылау және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы, Орал қаласы 19.08.2013 22.02.2015 Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы, Орал қаласы 23.02.2015 31.03.2019 жеке кәсіпкерлік, Орал қаласы 01.04.2019 29.07.2019 «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның инвестицияларды дамыту департаментінің директоры, Орал қаласы 29.07.2019 01.11.2019 «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ның цифрландыру басқармасының директоры, Орал қаласы 01.11.2019 25.06.2021 «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ның инвестицияларды дамыту департаментінің директоры, Орал қаласы 28.06.2021 30.08.2021 Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысының міндетін атқарушы, Орал қаласы 31.08.2021 29.05.2023 Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы, Орал қаласы 29.05.2023 осы уақытқа дейiн Сырым ауданының әкімі

    Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы
    Орынбасары

    Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы

    Сырым ауданы әкімінің орынбасары

    Еңбек жолына назар аударсақ, 2013-2014 «БҚО жастар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Төрағасы, БҚО Әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2014-2016 жылдары Сырым аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК кәсіпорнының директоры, 2017 жылдың сәуір-тамыз айлары аралығында «Жас туристер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, 2017-2020 жылдары Сырым аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК кәсіпорнының директоры, 2020-2023 жылдары «Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК кәсіпорнының директоры болып қызмет етті. 2023 жылдың 5 қыркүйегінен бастап бүгінге дейін БҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Қ.Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының директоры лауазымында атқарды.

    Тлегенов Максим Тоқтамысұлы
    Аппарат басшысы

    Тлегенов Максим Тоқтамысұлы

    Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі

    2003 жыл - Батыс Қазақстан аграрлық университеті 2011 жыл - Еуразия Академиясы/ 2003 год - Западно-Казахстанский аграрный университет 2011 год - Евразийская Академия Мамандығы Ветеринариялық медицина мемлекеттік және жергілікті басқару

    Мемлекеттік қызмет

    Әкім аппаратының бөлімі

    2

    Бөлім

    7
    Усагалиев Руслан Кайратович
    Қызметкерлер

    Усагалиев Руслан Кайратович

    Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы

    1983 жылы 18 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2004-2007 жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінде «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша білім алған.

    Кубаев Тимур Берикович
    Қызметкерлер

    Кубаев Тимур Берикович

    Батыс Қазақстан облысы Сырымауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы

    Кубаев Тимур Берікұлы, 1988 жылы 4 қаңтарда Сырым ауданы, Жымпиты ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Қ.Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін Жымпиты орта мектебіне қабылданып, 2005 жылы бітірген. Білімі жоғары. 2005 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне «Экономика және бизнес» факультетінің «Менеджмент» мамандығына түсіп, 2009 жылы бітіріп шықты. 2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде сырттай оқып, «Заңгер» мамандығын алған.

    Сарсенов Ерлан Жолдыбаевич
    Қызметкерлер

    Сарсенов Ерлан Жолдыбаевич

    Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, және спорт бөлімінің басшысы

    Сарсенов Ерлан Жолдыбайұлы 1972 жылы 12 қазанда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары 2005 жылы М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік унитверситетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

    Ахметов Ерболат Ажмуханбетович
    Қызметкерлер

    Ахметов Ерболат Ажмуханбетович

    Сырым ауданы әкімі аппаратнының басшысы

    Ахметов Ерболат Әжмұханбетұлы 1966 жылы 1 желтоқсанда Орал облысы Қазталов ауданы Қазталов ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1991 жылы Қазталов ауданы Әжібай қой совхозында аға мал дәрігері болып бастаған.

    Мухамбетжанов Жанболат Муратжанович
    Қызметкерлер

    Мухамбетжанов Жанболат Муратжанович

    Сырым аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

    1982 жылы 16 наурызында Сырым ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2007 жылы Еуразиялық академиясын юриспруденция мамандығы бойынша бітірген.

    Имангалиев Асылхан Бауыржанұлы
    Қызметкерлер

    Имангалиев Асылхан Бауыржанұлы

    Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

    Иманғалиев Асылхан Бауыржанұлы - 1988 жылы 30 қазанда Жаңақала ауданы Новая-Казанка ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің экономика, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Жаңақала аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің іс жүргізушісі болып бастаған.

    Басқа қызметкерлер

    19
    Мухитов Адилхан Рахимжанович
    Қызметкерлер

    Мухитов Адилхан Рахимжанович

    Аралтөбе ауылдық округ әкімі

    Сырым ауданы әкімінің 2017 жылғы 2 қазандағы №187 өкімімен Мухитов Әділхан Рахымжанұлы Аралтөбе ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды. Мухитов Әділхан Рахымжанұлы 1964 жылы 02 қыркүйекте Орал облысы, Жымпиты ауданы, Аралтөбе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы эколог.

    Аменов Оркен Самигуллиевич
    Қызметкерлер

    Аменов Оркен Самигуллиевич

    Алғабас ауылдық округі әкімі

    Сырым ауданы әкімінің 2018 жылғы 8 қазандағы №166 өкімімен Алғабас ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды. Аменов Өркен Самиғоллаұлы 1976 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1998 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін агрохимия және топырақтанушы мамандығы бойынша және 2006 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

    Журалиев Ерлан Шалбаевич
    Қызметкерлер

    Журалиев Ерлан Шалбаевич

    Шолақаңқаты ауылдық округі әкімі

    Мен, Журалиев Ерлан Шалбаевич 1976 жылдың 1-қарашасында Сырым ауданы, Тоғанас ауылында дүниеге келдім. 1983 жылы Тоғанас ауылындағы Правда орта мектебіне оқуға барып, 1993 жылы осы мектепті аяқтап орта білім алып шықтым. 1993-1998 жылдары Батыс Қазақстан аграрлық университетінде жоғары білім, алып «зооинженер» мамандығын алдым.

    Жайманов Беймбет Есетович
    Қызметкерлер

    Жайманов Беймбет Есетович

    Қособа ауылдық округі әкімі

    Жайманов Бейімбет Есетұлы 1969 жылы 22 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа ауылында дүниеге келген. Білім жоғары. 1992 жылы Орал педогогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша, 2006 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетін бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мамандығы бойынша білім алған.

    Жакиев Айбол Каримуллиевич
    Қызметкерлер

    Жакиев Айбол Каримуллиевич

    Сарой ауылдық округі әкімі

    Мен, Жакиев Айбол Каримоллаұлы 1969 жылы 20 қыркүйек айында Орал облысы, Жымпиты ауданы, Коминтерн ауылы, Сарой селолық советінде дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын. Білімім жоғары. АӨК салаларындағы экономика және басқару мамандығы. 1992-1998 жылдары Батыс Қазақстан Аграрлық университетінде білім алдым.

    Нурпейсов Салауат Жолаевич
    Қызметкерлер

    Нурпейсов Салауат Жолаевич

    Бұлдырты ауылдық округі әкімі

    Нурпейсов Салауат Жолаевич родился 18 октября 1976 года в селе Булдурта Сырымского района Западно-Казахстанской области. Образование -высшее. В 1999 году окончил Западно-Казахстанский аграрно-технический университет по профессии агрохимик-почвовед.

    Байров Рашид Серікұлы
    Қызметкерлер

    Байров Рашид Серікұлы

    Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының әкімі

    Байров Рашид Серикович 1984 жылы 27 тамызда Сырым ауданы, Аралтөбе ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2005 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде экономист-менеджер мамандығы бойынша білім алған.

    Адилгереев Мұрат Мендибайұлы
    Қызметкерлер

    Адилгереев Мұрат Мендибайұлы

    Бұлан ауылдық округі әкімі

    Адилгереев Мұрат Мендібайұлы 28.01.1969 жылы БҚО, Сырым ауданы Жамбыл ауылында тудым. 1976 жылы Жамбыл сегізжылдық мектебінің 1-сыныбына барып, 1984 жылы сол мектепті бітірдім. 1984 жылы Орал совхоз техникумына түсіп, 1988 жылы «зоотехник» мамандығы бойынша диплом алып шықтым. 1988-1990 жылдары аралығында совет армиясы қатарында болып әскери борышымды өтедім.

    Иманкулов Батырғали Рамазанұлы
    Қызметкерлер

    Иманкулов Батырғали Рамазанұлы

    Жосалы ауылдық округі әкімі

    Иманкулов Батырғали Рамазанович 1989 жылы 6 маусымда БҚО Сырым ауданы,Қоңыр ауылында дүниеге келдім. 1996-2007 жылдары А.Жұмағалиев атындағы ЖББ орта мектебінде білім алдым. 2007-2010 жылдары Орал мұнай ,газ және салалық технологиялар колледжінде жерге орналастырушы мамандығында,2011-2013 жылдары БҚИТУ-да қаржы мамандығын игеріп шықтым.