
Ахметов Ерболат Ажмуханбетович
Сырым ауданы әкімі аппаратнының басшысы
Өмірбаян
Ахметов Ерболат Әжмұханбетұлы 1966 жылы 1 желтоқсанда Орал облысы Қазталов ауданы Қазталов ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1991 жылы Қазталов ауданы Әжібай қой совхозында аға мал дәрігері болып бастаған.
1999-2000 жылдары Қазталов ауданы «Жаңа тұрмыс» өндірістік кооперативі төрағасының орынбасары,
2000-2003 жылдары Қазталов ауданының Мирон ауылдық округінің әкімі,
2003-2005 жылдары ҚР АШМ Қазталов аудандық аумақтық басқармасының мал дәрігерлік инспекторы,
2005-2006 жылдары «Батыс Зооветснаб Сервис» ЖШС мал дәрігері,
2006-2007 жылдары «Ақжайық энергосауда» ЖШС абоненттік бөлімшенің шебері,
2007-2008 жылдары «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ электр энергияны қадағалау және есебін жүргізу департаментінің шебері, шеберлік бөлімшенің бастығы,
2008-2010 жылдары Орал қаласындағы «ГНРМАШ» ЖШС директорының орынбасары,
2010-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысының ауылшаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімінің жетекші маманы, бас маманы,
2015 жылдың ақпан-қыркүйек айларында Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының тамақ қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы,
2015 жылдың қыркүйек айынан бері Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары болып жасаған.
2017-2023 жылдары Сырым ауданы әкімінің орынбасары.
2023 жылдың қараша айының 22 нен бастап Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы