
Өмірбаян
Жайманов Бейімбет Есетұлы 1969 жылы 22 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа ауылында дүниеге келген.
Білім жоғары. 1992 жылы Орал педогогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша, 2006 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетін бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мамандығы бойынша білім алған.
1987-1989 жылдары әскер қатарында Отан алдындағы борышын өтеген.
1992-2013 жылдар аралығында Жырақұдық орта мектебінде мұғалім.
2013-2016 жылдар аралығында Жырақұдық орта мектебінде мектеп директорының міндетін атқарушы, мектеп директоры.
2016 жылдың желтоқсан айынан бастап ЖББ Қособа орта мектеп-балабақша кешенінің директоры.
Сырым ауданы әкімінің 2019 жылғы 18 шілдедегі № 100 өкімімен Қособа ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.





