Жакиев Айбол Каримуллиевич

    Сарой ауылдық округі әкімі

    Жакиев Айбол Каримуллиевич
    Аким

    Жакиев Айбол Каримуллиевич

    Сарой ауылдық округі әкімі

    Өмірбаян

    Мен, Жакиев Айбол Каримоллаұлы 1969 жылы 20 қыркүйек айында Орал облысы, Жымпиты ауданы, Коминтерн ауылы, Сарой селолық советінде дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын. Білімім жоғары. АӨК салаларындағы экономика және басқару мамандығы. 1992-1998 жылдары Батыс Қазақстан Аграрлық университетінде білім алдым.

    1976-1986 жылдары ЖББ Абай орта мектебінде жалпы орта білім алып, өз туған ауылымда еңбек жолымды 1986 жылы құрылыс бөлімінде құрылысшы болып бастадым.

    1986 жылы қыркүйек айынан Кеңес Армиясы қатарында 1989 жылдың желтоқсан айына шейін Сахалин облысы, Курил ауданы, Буревестник поселкасы, Итуруп аралында Кеңес Армиясының Әскери Әуе күштерінде аға дещифровщик қызметін атқарып, әскери борышымды өткіздім.

    1990 жылдың ақпан айынан, тамыз айына шейін, Орал қаласыдағы бухгалтерлік мектепте оқып, өнеркәсіптік бухгалтер мамандығын алып шықтым.

    1990 жылдың қазан айында Абай атындағы қой совхозының № 5 егіс бригадасында есепші болып жұмысқа қабылдандым.

    1990-1994 жылдары аралығында есепші, 1994-1997 жылдары Абай атындағы ұжымдық кәсіпорынының таралуына байланысты, 1997 жылдың қаңтар айынан Қызылтаң өндірістік кооперативінде экономист болып жұмыстар жасадым. 1999 жылдың ақпанынан 2000 жылдың қазан айына дейін «Сарой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бухгалтер мамандығында жұмыс атқардым.

    2000 жылдың қазан айынан «Сарой ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман, 2017 жылдың тамыз айынан Сарой ауылдық округ әкімі қызметіндемін.

    1991 жылы қыркүйек айында Жакиева (Молдашева) Ардақпен заңды некеге тұрдым.1969 жылы туған. Білімі арнаулы орта . Жеке кәсіпкер.

    Жанұямда 3 ұлым, анам, келінім, немерем бар.

    1992 жылы туған ұлым Каримуллиев Абылай, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы.Үйленген. Келінім Каримуллиева (Жантурсина) Ботакөз 1995 жылы туған.

    1996 жылы туған ұлым Каримолла Нұрсейіт. Алматы қаласында жұмыста.

    2006 жылы туған ұлым Айболұлы Санжар, мектеп оқушысы.

    Анам Серікбаева Куляш 1937 жылы туған, зейнеткер.

    Немерем Айбол Адина 2019 жылы туған

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері