Қызметкерлер — Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы

    Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    6
    Қонысов Нұрбол Айтбайұлы
    Төраға

    Қонысов Нұрбол Айтбайұлы

    Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

    Нұрбол Айтбайұлы Қонысов 1989 жылы 27 наурызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ. 2010 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. 2025 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің білім беру бағдарламасы бойынша «Бизнес және басқару» магистрі дәрежесі берілген. «Мемлекеттік аудитор» сертификатының иегері. Марапаты: ІІ дәрежелі «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

    Анжанов Болат Айдынұлы
    Комиссия мүшесі

    Анжанов Болат Айдынұлы

    Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

    Анжанов Болат Айдынұлы 1980 жылы 5 қаңтарда Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ. 2002 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Әлеуметтік саладағы экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. «Мемлекеттік аудитор» сертификатының иегері. Марапаты: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

    Бисембиев Нұрсұлтан Орақұлы
    Комиссия мүшесі

    Бисембиев Нұрсұлтан Орақұлы

    Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

    Бисембиев Нұрсұлтан Орақұлы 1991 жылы 24 желтоқсанда Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүниеге келген, ұлты қазақ. 2013 жылы Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің білім беру бағдарламасы бойынша «Экономика» магистрі дәрежесі берілген. «Мемлекеттік аудитор» сертификатының иегері.

    Дауталиева Жанат Махамбетқызы
    Комиссия мүшесі

    Дауталиева Жанат Махамбетқызы

    Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

    Дауталиева Жанат Махамбетқызы 1990 жылы 7 ақпанда Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ. 2011 жылы Алматы қаласындағы Абылай Хан атындағы қазақ халықаралық қатынастары және әлем тілдері университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2025 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің білім беру бағдарламасы бойынша «Есеп, аудит және контроллинг» магистрі дәрежесі берілген. «Мемлекеттік аудитор» сертификатының иегері. Марапаты: ІІІ-дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалімен, Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері төсбелгісімен марапаталған.

    Рашев Жантөре Сакенұлы
    Комиссия мүшесі

    Рашев Жантөре Сакенұлы

    Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

    Рашев Жантөре Сәкенұлы 1989 жылы 17 ақпанда Атырау облысы, Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ. 2011 жылы Атырау қаласындағы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Орал қаласындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. «Мемлекеттік аудитор» сертификатының иегері.

    Нуралин Ержан Турланович
    Аппарат басшысы

    Нуралин Ержан Турланович

    Аппарат басшысы

    Нұралин Ержан Тұрланұлы 1985 жылы 17 тамызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ. 2008 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Информатика» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Орал қаласындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Бөлім

    3
    Кайргалиева Асем Галымгереевна
    Бөлім басшысы

    Кайргалиева Асем Галымгереевна

    Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы

    Кайргалиева Асем Галымгереевна, 13.08.1984 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосында дүние келген. 2006 жылы Атырау қаласындағы Мемлекеттік Атырау Мұнай және Газ институтын «Жүйелік басқарудағы Автоматтандыру және ақпараттандыру» мамандығы, 2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

    Басқа қызметкерлер

    1