
Анжанов Болат Айдынұлы
Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
Анжанов Болат Айдынұлы 1980 жылы 5 қаңтарда Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ.
2002 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Әлеуметтік саладағы экономика» мамандығы бойынша бітірген.
2019 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
«Мемлекеттік аудитор» сертификатының иегері.
Марапаты: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
2002–2003 жылдар аралығында Атырау облысының қаржы басқармасында бас маман;
2003 – 2005 жылдары аралығында Атырау облысы бойынша қаржы бақылау басқармасында жетекші маман, бас маман,
2005 – 2009 жылдары аралығында Атырау облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасында бас маман, бөлім бастығы;
2009 – 2016 жылдары аралығында Атырау облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары;
2016 – 2019 жылдары аралығында Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары;
2019 – 2023 жылдары аралығында Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы;
2023 жылдың жылдың қараша айынан бастап Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.




