
Дауталиева Жанат Махамбетқызы
Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
Дауталиева Жанат Махамбетқызы 1990 жылы 7 ақпанда Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ.
2011 жылы Алматы қаласындағы Абылай Хан атындағы қазақ халықаралық қатынастары және әлем тілдері университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
2025 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің білім беру бағдарламасы бойынша «Есеп, аудит және контроллинг» магистрі дәрежесі берілген.
«Мемлекеттік аудитор» сертификатының иегері.
Марапаты: ІІІ-дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалімен, Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері төсбелгісімен марапаталған.
2011 – 2019 жылдар аралығында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясында жетекші маман, бас маман, бас инспектор, бас маман – мемлекеттік аудитор, бөлім басшысы;
2019 – 2024 жылдары аралығында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы;
2024 жылдың жылдың қыркүйек айынан бастап Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.




