
Өмірбаян
Нұралин Ержан Тұрланұлы 1985 жылы 17 тамызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ.
2008 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Информатика» мамандығы бойынша бітірген.
2017 жылы Орал қаласындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2008 - 2009 жылдары аралығында Қызылқоға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы;
2009 – 2018 жылдары аралығында Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы, кейіннен бөлім басшысы;
2018 – 2019 жылдары аралығында Қызылқоға аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы;
2019 – 2022 жылдары аралығында Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы;
2022 – 2025 жылдары аралығында Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы;
08.01.2025 – 01.04.2025 жылдары Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жер қойнауын пайдалану, су ресурстары және орман шаруашылығы бөлімінің басшысы;
2025 жылдың 1 сәуірінен бастап Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.




