Қызметкерлер — Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

    Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Беспаева Салтанат Дауыспекқызы
    Басшы

    Беспаева Салтанат Дауыспекқызы

    Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы

    Беспаева Салтанат Дауыспекқызы 1975 жылы 6 мамырда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2000 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2002–2003 жылдары аталған білім беру ұйымында педагог-ұйымдастырушы қызметін атқарған. 2003–2011 жылдар аралығында осы мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2011–2012 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы, Қызылшарық ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектептің директоры болған. 2012 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп келеді. Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінде басшы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы, кейін басшының орынбасары және басшының міндетін атқарушы қызметтерін атқарған. 2017–2021 жылдары Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2021–2022 жылдары Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы болған. 2022–2025 жылдары Алматы облысы білім басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2025 жылы Іле ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2025 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.

    Оқас Нұрмаман Төкенұлы
    Бөлім басшысы

    Оқас Нұрмаман Төкенұлы

    Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

    Оқас Нұрмаман Төкенұлы 1969 жылғы 16 ақпанда Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылында дүниеге келген. Білімі: жоғары 1990 жылы Қаскелең мәдени-ағарту училищесін клуб қызметкері, халық асапаптар оркестрінің жетекшісі мамандығы бойынша, 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.

    Нүсіпқожаев Айбол Баратбекұлы
    Бөлім басшысы

    Нүсіпқожаев Айбол Баратбекұлы

    Ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы

    Нүсіпқожаев Айбол Баратбекұлы 18 шілде 1981 жылы, Алматы облысы, Кеген ауданы, Тоғызбұлақ ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Кеген ауданы, Тоғызбұлақ ауылындағы Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектепке қабылданып, аталған мектепті 1998 жылы аяқтаған. Сол жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетіне тарих пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша оқуға қабылданып, аталған оқу орнын 2002 жылы бітірген.