Нүсіпқожаев Айбол Баратбекұлы

    Ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы

    Нүсіпқожаев Айбол Баратбекұлы
    Руководитель отдела

    Нүсіпқожаев Айбол Баратбекұлы

    Ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Нүсіпқожаев Айбол Баратбекұлы 18 шілде 1981 жылы, Алматы облысы, Кеген ауданы, Тоғызбұлақ ауылында дүниеге келген.

    1987 жылы Кеген ауданы, Тоғызбұлақ ауылындағы Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектепке қабылданып, аталған мектепті 1998 жылы аяқтаған. Сол жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетіне тарих пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша оқуға қабылданып, аталған оқу орнын 2002 жылы бітірген.

    01.09.2004 жылы Тоғызбұлақ ауылында орналасқан Қ.Байғабылұлы атындағы орта мектепке тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.

    2006 жылы өз еркімен осы қызметтен босап, Алматы қаласына «Арно Сервис» ЖШС-жұмысшы болып қабылданды.

    04.10.2008 жылдан 01.05.2009 жылға дейін Алматы қаласында орналасқан «Алматы Бетон» ЖШС-де жұмысшы қызметін атқарды.

    04.05.2009 жылы Дүйсен Бабаев атындағы №15 қазақ орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.

    03.01.2010 жылдан бастап Райымбек ауданы, Тоғызбұлақ ауылы, Қ.Байғабылұлы орта мектебіне тарих пәні мұғалімі болып қабылданды. 2010 жылдың қаңтар айына дейін осы қызметті атқарды. Аталған білім ордасында 29.12.2010 жылдан бастап, мектеп директорының оқу тәрбие орынбасары болып ауысты.

    2013 жылдан Алматы облысы, Райымбек ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметіне қабылданып, 2016 жылдың тамыз айына дейін жұмыс атқарды.

    2016 жылдың 31 тамызынан бастап, Алматы облысы, Райымбек ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және ұйымдастыру бөлімінде бас маман қызметін атқарды.

    2017 жылдың 11 сәуірінде Кеген ауданы әкімі аппаратының «Ұйымдастыру бөлімі» бас маманы қызметіне келді. 11.06.2018 жылға дейін осы қызметті атқарды.

    2018 жылдың қыркүйек айынан бастап, Кеген ауданы әкімі аппаратының «Ұйымдастыру бөлімінің» басшысы қызметін атқарды.

    2018 жылдың 12 маусымынан Алматы облысы, Кеген ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлкеттік мекемесінің бөлім басшысы болып тағайындалып, 30.12.2021 жылға дейін аталған басшылықта отырды.

    31.12.2021 жылдан бастап Кеген ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарды.

    Қазіргі уақытта 2023 жылдың 7 ақпанынан бастап Алматы облысының Тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері