Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
Басқарма туралы
«Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ 2004 жылғы 23 желтоқсанда облыс әкімінің №187 қаулысымен құрылған. 2005 жылғы 13 қаңтарда заңды тұлға ретінде Алматы облысы әділет департаменті Талдықорған қаласының әділет басқармасында тіркеуден өткен. Басқарма өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің 29 маусым 2016 жылғы №339 қаулысымен бекітілген «Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Қонаев қалалық кітапханасының ғимаратында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру шарасы өткізілді. Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Ділмұрат Сайфуллаұлы Сунатиллаев және аталған басқарманың бас маманы Дархан Нұртілеуұлы Мұхамедияров қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері және адалдық қағидаттарын нығайтудың маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берді. Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және қоғамда парасаттылық құндылықтарын дәріптеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Кездесу барысында заң үстемдігін қамтамасыз ету мен қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен атқарудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
2026 жылғы 6 мамыр күні Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Іле ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» облыстық іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – цифрлық дәуір жағдайында сөз мәдениетінің, тіл тазалығы мен сөз құндылығының маңызын түсіндіру, жастарды саналы әрі жауапты тілдік қарым-қатынасқа тәрбиелеу, интернет кеңістігінде сауатты сөйлеу дағдыларын дамыту. Шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ облыстық мәслихат төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, тіл саласының мамандары, жергілікті атқарушы орган өкілдері, зиялы қауым, жастар және этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты. Іс-шара Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Мәдениет үйі алаңында «Саз Нұрғиса» жас домбырашылар ансамблі композитордың «Әлқиса» күйін орындады. Сонымен қатар қонақтар фойеде ұйымдастырылған тіл, мәдениет және білім салаларында цифрлық технологияларды қолдану бағытындағы көрмені тамашалады. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы тіл мәдениетіне жаңа талаптар қойып отырғанын атап өтіп, сөз құндылығын сақтау – бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін жеткізді. Шара барысында өңірдегі тіл саясатын жүзеге асыруға айрықша үлес қосқан азаматтар мен мекеме ұжымдары арнайы номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, «Мемлекеттік тіл – бизнесте», «Мемлекеттік тіл – мерейім», «Сауатты жарнама – сапалы қызмет», «Жаңа дәуір үні», «Тілдарын», «Тілге қызмет – елге қызмет», «Құжат шебері – тіл зергері», «Тіл тазалығының тірегі» номинациялары бойынша үздіктер анықталды. Аталған жоба аясындағы іс-шаралар облыстың Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Жамбыл және Іле аудандарында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қорытындыланды. Нәтижесінде, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға қосқан үлесі және іс-шараны сапалы өткізгені үшін әр ауданға қаржылай сертификаттар табысталды. Шара барысында «Шин-Лайн» компаниялар тобының вице-президенті Дамир Дигай құттықтау сөз сөйлеп, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ақыл Жандос арнайы жобаны таныстырды. Сонымен қатар «Таңдау», «Көптілділік – көкжиек» тақырыптарында сахналық көріністер қойылып, оқушылар бірнеше шет тілінде өлең оқыды. Шетелде тәжірибе жинақтаған маман өз тәжірибесімен бөлісті.
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Жамбыл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 30 сәуірде Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» жобасы аясында облыстық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – цифрлық дәуір жағдайында сөз мәдениетінің, тіл тазалығы мен сөз құндылығының маңызын түсіндіру, жастарды саналы, жауапты және мәдениетті тілдік қарым-қатынасқа тәрбиелеу, интернет кеңістігінде сауатты сөйлеу дағдыларын дамыту. Шараға Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Салтанат Дауыспекқызы Беспаева, аудан әкімінің орынбасары Ақниет Тұрысбекұлы Туматаев, депутаттар, тіл мамандары, аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, жастар және этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Салтанат Дауыспекқызы Беспаева құттықтау сөзінде: «Қазіргі кезең – технология қарыштап дамыған, ақпарат алмасу жылдамдығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен уақыт. Интернет, әлеуметтік желілер мен түрлі цифрлық платформалар қоғамдағы пікір қалыптастырудың негізгі құралына айналды. Осындай уақытта сөздің құндылығы, оның жауапкершілігі мен мәдениеті бұрынғыдан да маңызды бола түседі. Өйткені сөз – тек ақпарат жеткізудің құралы емес, сөз – ұлттың жаны, халықтың рухани айнасы», – деп атап өтті. Шара барысында қонақтар мен қатысушылар Мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылған тіл, мәдениет және білім салаларында цифрлық кеңістікті тиімді пайдалану бағытындағы көрмемен танысты. Шара соңында өңірдегі тіл саясатын жүзеге асыруға айрықша үлес қосқан азаматтар мен мекеме ұжымдары арнайы номинациялармен марапатталды.
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 24 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» облыстық іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты: Цифрлық дәуір жағдайында сөз мәдениетінің, тіл тазалығы мен сөз құндылығының маңызын түсіндіру, жастарды саналы, жауапты және мәдениетті тілдік қарым-қатынасқа тәрбиелеу, интернет кеңістігінде сауатты сөйлеу дағдыларын дамыту. Шараға облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Салтанат Дауыспекқызы Беспаева, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мәди Абылайұлы Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Ерболат Сарабекұлы Сарабеков, депутаттар, тіл мамандары, ауданның тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, жастар, этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. Салтанат Дауыспекқызы өзінің құттықтау сөзінде: «Қазіргі кезең – технология қарыштап дамыған, ақпарат алмасу жылдамдығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен уақыт. Интернет, әлеуметтік желілер мен түрлі цифрлық платформалар қоғамдағы пікір қалыптастырудың негізгі құралына айналды. Осындай уақытта сөздің құндылығы, оның жауапкершілігі мен мәдениеті бұрынғыдан да маңызды бола түседі. Өйткені сөз – тек ақпарат жеткізудің құралы емес. Сөз – ұлттың жаны, халықтың рухани айнасы - деп атап өтті. Шара қонақтары мен қатысушылар аудандық мәдениет үйінің жанында орналасқан Тұманбай Молдағалиевтің ескерткішіне гүл қойып, Мәдениет үйінің фоесінде ұйымдастырылған тіл, мәдениет, білім саласына цифрлық кеңістікті пайдалану бағытындағы көрмемен және аудандағы тіл саласына атқарылып жатқан жұмыстарымен қысқаша көрсетілген бейнеролик арқылы танысты. Шара соңында өңірдегі тіл саясатын жүзеге асыруға айырықша үлес қосқан азаматтар және мекеме ұжымдары арнайы номинациялармен марапатталды.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде бірнеше тілді меңгеру – тек артықшылық қана емес, заман талабы. Осы орайда Алматы облысында 2025 жылғы 15 желтоқсан күні «Көп тіл – бір әлем» атты облыстық жиын өтті. Жиынға облыс әкімі М.Е. Сұлтанғазиев, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Е. Тлешов, аудан, қала әкімдіктері, білім саласының өкілдері, жастар орталығының жетекшілері және облыста көп тіл меңгерген азаматтар қатысты. Іс-шара өңірдегі тіл саясатын қолдауға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге, жастардың тілдік әлеуетін арттыруға, облыс бойынша бірнеше тілді меңгерген азаматтарды ынталандыруға бағытталды. Облыс әкімі М. Сұлтанғазиев өзінің құттықтау сөзінде көптілділіктің бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудағы рөліне тоқталып, өңір жастарының білімге және заманауи дағдыларды меңгеруге деген ұмтылысын қолдайтынын атап өтті. Ол: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жастар бірнеше тілді меңгеруі қажет» деген пікірі - еліміздің болашағына бағытталған стратегиялық тапсырма. Осы орайда, бүгін ұйымдастырылып отырған шара қоғамдағы рухани келісімді нығайтып қана қоймай, елді дамытатын кадрлық әлеуетті қалыптастыруға зор үлес қосады» - деді. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Е. Тлешов мемлекеттік тілді дамыту мен құрметтеуді басты орынға қоя отырып, ағылшын және басқа да халықаралық тілдерді меңгеру арқылы жастардың бәсекеге қабылетті дамыған мемлекет құруға қосар үлесіне тоқталды. Сомен қатар бірнеше тілді меңгерген облыстың полиглот жастары А.Т. Теменов, Д.Д. Кузиев, Р.Қ. Алпаров, С.А. Құдайбергенов, К.Миятбек өздерінің тіл үйренудегі тәжірибелерімен бөлісті. Жиын барысында облыс әкімі бірнеше тілді меңгерген облыс жастарын «Полиглот -2025» номинациясымен марапаттады. Көп тіл білу – көп мүмкіндіктің кілті. Бірлік пен түсіністікке бастар жол да дәл осы тілдер арқылы қалыптасатыны анық. Сондықтан «Көп тіл – бір әлем» идеясы қоғамды біріктіретін маңызды құндылық ретінде өз маңызын арттыра бермек.
Текущие затраты (заработная плата, командировочные расходы, коммунальные расходы, расходы на приобретение канцелярских и хозяйственных товаров, оплата прочих услуг и работ и т.п.)