
Өмірбаян
Оқас Нұрмаман Төкенұлы 1969 жылғы 16 ақпанда Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылында дүниеге келген.
Білімі: жоғары
1990 жылы Қаскелең мәдени-ағарту училищесін клуб қызметкері, халық асапаптар оркестрінің жетекшісі мамандығы бойынша, 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Тасашы ауылында «Ізгі ниет» камсомол жастар бригадасында шопан болып бастады. Осы жылы Тасашы ауылдық клубында домбыра үйірмесінің жетекшісі болып жұмысын жалғастырды.2002-2011 жылдар аралығында Райымбек ауданының Жылысай ауылындағы М.Орманов атындағы мектептің директоры, 2011-2016 жылдар аралығында Райымбек ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып жұмыс жасады. 2017-2018 жылдар аралығында Райымбек ауданындағы Ы.Көшкінов атындағы орта мектептің директоры, 2018 жылдың қараша айынан бастап Кеген ауданы әкімдігінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры қызметін атқарды. 2024 жылдың 19 ақпанынан Алматы облысының «Тіл» оқу- әдістемелік орталығының басшысы. 2024 жылдың 6 қарашасынан Алматы облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып қызмет атқарып келеді.
2024 жылы Алматы облысы "Кеген ауданының Құрметті азаматы" атанды.
Мемлекеттік қызметтегі жалпы өтілі 23 жыл.
