Қызметкерлер — Алматы облысының ішкі саясат басқармасы

    Алматы облысының ішкі саясат басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Жалғаспаева Әсел Мұратқызы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Жалғаспаева Әсел Мұратқызы

    Басқарма басшысының орынбасары-Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі

    Әсел Мұратқызы Жалғаспаева, 1980 жылы Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Халықаралық мамандықтар институтын, Гуманитарлық-экономикалық академиясын тәмамдаған. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына» мерейтойлық медалімен марапатталған.

    БАҚМемлекеттік әлеуметтік тапсырысҮкіметтік емес ұйымдарЭтносаралық қатынастар
    Қабдылқаиров Медғат Көбегенұлы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Қабдылқаиров Медғат Көбегенұлы

    Алматы облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары

    Қабдылқайыров Медғат Көбегенұлы, 1980 жылы туылған, Алматы облысының тумасы. Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясын бітірген. Прокуратура органдары жүйесінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ведомстволық медальдарымен марапатталған. Мемлекеттік, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген. Үйленген, 6 баласы бар

    Саяси партияларҚоғамдық-саяси ахуалМемлекеттік рәміздер туралы

    Бөлім

    4
    Ибраева Жұмаш Шыныбекқызы
    Бөлім басшысы

    Ибраева Жұмаш Шыныбекқызы

    Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімі

    Туылған күнi (күнi, айы, жылы) 16 қазан 1964 жыл Туылған жерi Талдықорған облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылы Ұлты қазақ Бiлiмi жоғары Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы 1983 жыл, Талдықорған заң техникумы 1993 жыл, әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті 2003 жыл, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi Правотану қазақ тілі және әдебиеті, шетел тілі

    Қоғамдық-саяси ахуал

    Басқа қызметкерлер

    3
    Директор

    Абай Елбосын Сакенұлы

    Алматы облысы ішкі саясат басқармасы "Қоғамдық келісім және даму орталығы" КММ

    Абай Елбосын Сакенұлы 1997 жылы туған, білімі жоғары, 2018 жылы Жетісу мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2018 жылы Алматы облысының жастарға қызмет көрсету орталығының арнайы шаруашылық бөлімінен бастаған. Әр жылдары әкімшілік бөлімінің бас маманы, SMM бөлімінің басшысы, «Jetisy Media» КММ-нің ұйымдастыру бөлімінің басшысы, ЖШС «Өлке тынысы» жанындағы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің модераторы, «Қоғамдық даму орталығы» КММ басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2023 жылдың қараша айынан бастап «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ басшысы болып тағайындалды. Үйленген, 1 баласы бар.

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысЭтносаралық қатынастар
    Сейрбаев Саят Турабекович
    Директор

    Сейрбаев Саят Турабекович

    Алматы облысының ішкі саясат басқармасының "Талдау және болжау орталығы" КММ

    Саят Тұрабекұлы Сейрбаев, 1970 жылы 22 сәуір күні Талдықорған облысы, Алакөл ауданы Үшарал ауылында туылды. 1993 жылы Жамбыл қаласындағы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын аяқтады.

    Қоғамдық-саяси ахуал