📢 КОНКУРСҚА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!
Алматы облысының «Ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2026 жылғы 10 қыркүйек пен 5 қазан аралығында облыстық байқауға өтінімдер қабылдау басталады: 🏆 «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «ҮЕҰ-ның азаматтық жауапкершілікті дамытуға қосқан үлесі» тақырыбында Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өткізілетін үздік әлеуметтік жобалар Байқауы. 🎯 Байқаудың мақсаты — азаматтық жауапкершілікті дамыту, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында үкіметтік емес ұйымдардың тиімді әлеуметтік бастамаларын қолдау. 💰 Байқаудың жүлде қоры: 🥇 I орын — 1 000 000 теңге (бір миллион теңге) 🥈 II орын — 700 000 теңге (жеті жүз мың теңге) 🥉 III орын — 500 000 теңге (бес жүз мың теңге) 📅 Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 10 қыркүйектен 5 қазанға дейін. 📲 Байқауға қатысу ережелері мен шарттарымен профильдің сипаттамасындағы сілтеме арқылы танысуға болады. 🔗 https://drive.google.com/drive/folders/19LwDpH7cyKdqbsSU76ptPUeTNAMofrst?usp=sharing Әлеуметтік жобаңызды таныстырып, өзіңіздің табысты тәжірибеңізбен бөлісу және азаматтық қоғамның дамуына үлес қосу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!