Жарнаманы орналастыру тәртібі заңмен реттеледі, сұрау жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне сәйкес қаралады.
Халықаралық деңгейде өткізілетін жоба туралы жарнаманы орналастыру туралы сіздің ұсынысыңыз бойынша "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508 Заңының 11-бабының 2-1-тармақшасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама Республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте орналастырылады. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіне, хабарлама жолымен орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.
Бұдан басқа, ОБЛЫСТЫҢ ақпараттық кеңістігінде жоғарыда аталған БАҚ көздері арқылы қолдау, оның ішінде брифингтер өткізу бойынша іс-шаралар өткізілетін болады.
Жарнама туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 Заңы.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z030000508_