📢 КОНКУРСҚА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    📢 КОНКУРСҚА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!
    ХабарландыруАяқталды

    Алматы облысының «Ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2026 жылғы 10 қыркүйек пен 5 қазан аралығында облыстық байқауға өтінімдер қабылдау басталады:

    🏆 «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «ҮЕҰ-ның азаматтық жауапкершілікті дамытуға қосқан үлесі» тақырыбында Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өткізілетін үздік әлеуметтік жобалар Байқауы.

    🎯 Байқаудың мақсаты — азаматтық жауапкершілікті дамыту, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында үкіметтік емес ұйымдардың тиімді әлеуметтік бастамаларын қолдау.

    💰 Байқаудың жүлде қоры:

    🥇 I орын — 1 000 000 теңге

    (бір миллион теңге)

    🥈 II орын — 700 000 теңге

    (жеті жүз мың теңге)

    🥉 III орын — 500 000 теңге

    (бес жүз мың теңге)

    📅 Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

    2026 жылғы 10 қыркүйектен 5 қазанға дейін.

    📲 Байқауға қатысу ережелері мен шарттарымен профильдің сипаттамасындағы сілтеме арқылы танысуға болады.

    🔗 https://drive.google.com/drive/folders/19LwDpH7cyKdqbsSU76ptPUeTNAMofrst?usp=sharing

    Әлеуметтік жобаңызды таныстырып, өзіңіздің табысты тәжірибеңізбен бөлісу және азаматтық қоғамның дамуына үлес қосу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

    Ұқсас материалдар

    СеминарАяқталды

    Алматы облысында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында семинар өтті

    2026 жылғы 28 қаңтар күні Талғар қаласында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қатысушылар арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, құқықтар мен қадір-қасиетті құрметтеуге негізделген құндылықтарды насихаттау, зорлық-зомбылықсы...