
Жалғаспаева Әсел Мұратқызы
Басқарма басшысының орынбасары-Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі
Өмірбаян
Әсел Мұратқызы Жалғаспаева, 1980 жылы Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, Халықаралық мамандықтар институтын, Гуманитарлық-экономикалық академиясын тәмамдаған.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Еңбек жолын 2001 жылы Алматы облысының Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының БАҚ және реформаларды насихаттау бөлімінің жетекші маманынан бастаған.
Әр жылдары Алматы облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы, Ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы, Жастар саясаты мәселелері басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, Ішкі саясат басқармасының жастар саясаты және азаматтық бастамаларды қолдау бөлімінің, этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
