
Қабдылқаиров Медғат Көбегенұлы
Алматы облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Қабдылқайыров Медғат Көбегенұлы, 1980 жылы туылған, Алматы облысының тумасы.
Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясын бітірген.
Прокуратура органдары жүйесінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ведомстволық медальдарымен марапатталған.
Мемлекеттік, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.
Үйленген, 6 баласы бар
М.К.Қабдылқаиров еңбек жолын 2002 жылы Атырау облысы Атырау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры қызметінен бастаған. Дәйекті түрде Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Сарқан, Талғар аудандары прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Алматы облысы прокуратурасының қылмыстық процесінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Алматы облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономика саласының заңдылығын қадағалау басқармасының экстремизммен терроризмге қарсы күрес саласындағы заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, аталған басқарманың аға прокуроры, Алматы облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры, Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарған.
