
Дарманбеков Бауыржан Манарұлы
Басшы орынбасары - Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі
Дарманбеков Бауыржан Манарұлы 1985 жылғы 11 сәуiр Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2006 жылы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетін «Қаржы және қаржылық құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Өзінің кәсіби мансабын 2006 жылы Алматы қаласында «Алматы қаласы Автобаз жол-пайдалану басқармасы» АҚ заңгері болып бастаған. Алматы қаласының Қаржы саласында және Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасында түрлі қызметтер атқарды.
















