
Базарбаев Тимур Талгатович
«Телерадиокомпания «Almaty» АҚ Бас директоры
Өмірбаян
Базарбаев Тимур Талгатович 1987 жылғы 4 шілдеде Ақмола облысында дүниеге келген.
2009 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендия иегерлері қауымдастығында бастаған. 2009-2013 жылдар аралығында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған: Қарағанды облысы әкімінің орынбасарының көмекшісі (Қарағанды қаласы); «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ Инвестицияларды тарту орталығының бас менеджері (Орал қаласы).
04.09.2013 – 06.06.2014 – «НҰР-Медиа» ЖШС «Электронная партия» интернет-ресурсының медиа-редакциясы басшысының орынбасары.
09.06.2014 – 08.10.2015 – «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының баспасөз қызметінің консультанты.
08.10.2015 – 11.06.2019 – Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, қоғаммен байланыс қызметінің басшысы.
15.07.2019 – 25.03.2022 – «Nur Otan» партиясының баспасөз хатшысы, баспасөз қызметінің басшысы.
2022 жылғы 28 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Телерадиокомпания «Almaty» акционерлік қоғамының бас директоры.





