
Алекенова Балслу Жарахановна
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы
Өмірбаян
Алекенова Балслу Жарахановна 1990 жылғы 8 мамырда Қостанай облысы Қостанай қаласында дүниеге келген.
2011 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы «Тәртіп және Құқық» газетінде журналистің көмекшісі лауазымынан бастаған.
01.12.2011 – 01.02.2021 – «Тәртіп және Құқық » газетінің шығарушы редакторы.
25.09.2013 – 30.12.2013 – Қостанай облысы ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі баспасөз қызметінің бас маманы міндетін уақытша атқарушы.
31.12.2013 – 11.11.2018 – Қостанай облысы ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі баспасөз қызметінің бас маманы.
12.11.2018 – 21.02.2019 – Қостанай облысы Полиция департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі баспасөз қызметінің бас маманы.
15.02.2019 – 04.02.2020 – «Алау-ТВ» ЖШС тілшісі.
25.01.2021 – 19.03.2021 – Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қоғаммен байланыс жөніндегі бас маманы міндетін уақытша атқарушы.
01.04.2021 – 12.07.2022 – Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ коммуникациялар және жоспарлау бөлімінің бас сарапшысы.
13.07.2022 – 13.04.2023 – Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ қоғаммен байланыс жөніндегі басшының орынбасары.
14.04.2023 – 21.05.2023 – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысының міндетін уақытша атқарушы.
2023 жылғы 22 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы.





