Қалымбайұлы Ержан Қалымбайұлы

    «Almaty Aqparat» ЖШС Бас директоры

    Қалымбайұлы Ержан Қалымбайұлы
    Бас директор

    Қалымбайұлы Ержан Қалымбайұлы

    «Almaty Aqparat» ЖШС Бас директоры

    Өмірбаян

    Ержан Қалымбайұлы 1981 жылғы 19 наурызда Моңғолияда дүниеге келген.

    2005 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы аталған мамандық бойынша магистратураны бітірген. 2009 жылы «Фемида» заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.



    Еңбек жолын 2005 жылғы 11 сәуірде Қарағанды қаласындағы облыстық «Центральный Казахстан» газетінің редакциясында корреспондент болып бастаған.

    10.04.2006 – 25.05.2007 – Қарағанды қаласындағы «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы» АҚ Қарағанды облыстық филиалының редакторы.

    10.08.2007 – 30.01.2009 – Астана қаласындағы «Айқын Media Астана» ЖШС-нің меншікті тілшісі.

    05.01.2010 – 10.09.2010 – Астана қаласындағы республикалық «Хабар» телеарнасы жаңалықтар қызметі бөлімінің корреспонденті.

    18.02.2011 – 30.06.2011 – Астана қаласындағы «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы» АҚ ақпараттық-талдау редакциясының корреспонденті.

    21.06.2012 – 11.09.2012 – Астана қаласындағы «Zhandaulet-Astana» ЖШС-нің редакторы.

    14.03.2014 – 16.07.2014 – Астана қаласындағы «Түркі академиясы» АҚ кітапхана секторының кітап қорының сақтаушысы.

    17.07.2014 – 13.02.2015 – Астана қаласындағы «Түркі академиясы» АҚ халықаралық қатынастар және хаттама бөлімінің баспасөз хатшысы.

    28.08.2015 – 04.09.2017 – Астана қаласындағы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ақпараттық бағдарламалар дирекциясы тілшілер бөлімінің жетекші тілшісі.

    05.09.2017 – 10.02.2019 – Нұр-Сұлтан қаласындағы «ulys.kz» ақпараттық порталының бас редакторы.

    05.09.2019 – 12.02.2020 – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының редактор-талдаушысы.

    16.03.2020 – 31.03.2020 – Атырау қаласындағы Атырау облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

    01.04.2020 – 18.04.2022 – Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы.

    29.12.2022 – 21.04.2023 – Алматы қаласының сайлау комиссиясының мүшесі.

    2023 жылғы 21 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін – «Almaty Aqparat» ЖШС-нің Бас директоры.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері