Алматы қаласы білім басқармасы

    Жалпы ақпарат

    «Алматы қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы аумағындағы балалардың білім және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Алматы қаласының мемлекеттік мектептерінің 1-сыныбына 2026–2027 оқу жылына балаларды қабылдау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Алматы қаласының мемлекеттік мектептерінде балаларды 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Өтінішті OQU Ұлттық білім беру платформасы (https://oqu.edu.kz) немесе egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ тікелей білім беру ұйымына барып, қағаз форматында беруге болады. 2026–2027 оқу жылында 1-сыныпқа қабылдауды Алматы қаласының 214 мемлекеттік мектебі жүргізеді. №10, 15, 17 мектеп-интернаттары қабылдауды жолдамалар бойынша қағаз форматында жүзеге асырады. Қабылдау «3-те 1» принципі бойынша жүргізіледі: мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын балаларға арналған әрбір 3 орынға шағын ауданнан тыс жерден түсетін балалар үшін 1 орын қарастырылған. Мектептің қызмет көрсету аумағында (шағын ауданда) тұратын балалардың қабылдануға басым құқығы бар. Сонымен қатар, ата-аналар (заңды өкілдер) бос орындар болған жағдайда кез келген мемлекеттік білім беру ұйымына өтініш беруге құқылы. Өтініш беру үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы қажет. Тұрғылықты мекенжайды растау мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады. 1-сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар өткізіледі: баланың 3×4 фотосуреті; профилактикалық егу картасы (№ 065/е нысаны); баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/е нысаны); ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) қорытындысы — ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін. Мектепалды даярлықтан (0-сынып) өткен білім алушылар ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініші негізінде 1-сыныпқа қабылдана алады. Өтінішті қарау мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды. Құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша ата-аналар білім беру ұйымына немесе тұрғылықты жері бойынша аудандық білім бөліміне хабарласа алады.

    ·
    Сұрақ

    Балабақшаға ваучерлерді бөлу кезінде азаматтардың қандай санаттары басымдыққа ие?

    Жауап

    Басымдығы бар азаматтардың санаттары: 1)әскери қызметшілер ("Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы"ҚР Заңының 52-бабының 3-тармағы); 2) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері ("Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" ҚР Заңының 78-бабы 8-тармағы); 3) құқық қорғау органдарының қызметкерлері ("Құқық қорғау қызметі туралы" ҚР Заңының 64-бабының 5-тармағы). 4) педагог қызметкерлердің балалары ("Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңының 12-бабының 3-тармағы); 5) медицина қызметкерлерінің балалары, егер олардың заңды өкілдері мүгедек болып табылса; 6) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар; 7) көп балалы отбасылардан шыққан балалар; 8) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар; 9) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар.

    ·
    Сұрақ

    Көп балалы отбасынан шыққан балаға мектепте тегін тамақты қалай алуға болады?

    Жауап

    Білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау қағидаларына» сәйкес көрсетіледі. Бұл үшін мектептерде «Жаппай оқыту» қоры құрылды. Көмек түрлері: Тегін тамақтану: Көп балалы отбасылардан шыққан балаларды қоса алғанда, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 5-11 сынып оқушыларына беріледі. Материалдық көмек: «Мектепке жол» акциясы аясында 1-11 сынып оқушыларына киім мен мектеп керек-жарақтарын сатып алуға қолдау көрсетіледі. Көмек алу шарттары: Бала келесі санаттардың біріне жатуы керек: Атаулы әлеуметтік көмек алушылар (АӘК); Отбасының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен; Жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; ТЖ зардап шеккен отбасылар; Басқа да санаттар (мектеп/комиссия шешімі бойынша). Көмек алу тәртібі: Санатты растайтын құжаттарды дайындау. Мектепке өтініш беру (мемлекеттік қызметтер журналында тіркеледі). АӘК санаттары үшін және күнкөріс деңгейінен төмен табыс-Жұмыспен қамту орталығының көмегімен EGOV порталы арқылы беру. Қалған санаттар үшін-құжаттар мектепке ұсынылады. Алғашқы екі санат бойынша бас тартылған жағдайда, отбасы жағдайларын зерттеп, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайының актісін жасағаннан кейін жағдай 5-санат бойынша қаралуы мүмкін.

    ·
    Сұрақ

    Алматыда балабақшаға ваучерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Алматыда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда, оған балабақша білімін ваучер арқылы қаржыландыру қолданылады. Жоба Қазақстан Республикасының Білім министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 «Балабақша тәрбиесі мен оқыту үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың кейбір мәселелері бойынша пилоттық жоба және білім алушыларға ваучер арқылы қаржыландыруды есепке алу туралы» бұйрығымен бекітілген. Ваучер — бұл баланың балабақшадағы орнын мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен қаржыландыруды растайтын электрондық құжат. Ол ата-аналарға мемлекеттік немесе жеке меншік балабақшаларды таңдауға мүмкіндік береді. Ваучерді алу үшін келесі қадамдарды орындау қажет: snation.kz порталына кіріңіз. Жеке кабинет арқылы немесе kz порталынан авторизациядан өтіңіз. Ваучерді рәсімдеу және алу нұсқаулығымен сайттың басты бетінде танысыңыз. Баланың деректері мен таңдаған балабақшаны көрсетіп, электрондық өтінішті толтырыңыз. Жеке кабинетте ваучерді беру туралы растауды күтіңіз. Назар аударыңыз: ваучер тек таңдаған ұйымдағы бос орын болған жағдайда беріледі, ал ваучерлер автоматты түрде қолжетімді орындарға сәйкес бөлінеді. Жобаның негізгі мақсаты — мемлекеттік білім беру қаржыландыруының ашықтығын, тиімділігін және бағыттылығын арттыру.

    ·
    Сұрақ

    Алматыда балаларға арналған жазғы лагерьлер жұмыс істей ме, оған қалай жазылуға болады және қандай жеңілдіктер қарастырылған?

    Жауап

    Алматы қаласында жазғы кезеңде балаларды сауықтыру лагерьлерінің жұмысы дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Балалардың демалысы маусым-тамыз айларында өткізіледі, ал жолдамалар білім беру ұйымдары арқылы бөлінеді. Тегін жолдама алуға кімдер құқылы (жеңілдік санаттары) Тегін жолдамалар келесі санаттағы балаларға беріледі: аз қамтылған отбасылардың балаларына; жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға. Тізімдер растайтын құжаттар негізінде мектептер мен аудандық білім бөлімдері арқылы қалыптастырылады. Жазғы лагерьге қалай жазылуға болады Жазғы демалысқа қатысу туралы өтінішті екі тәсілмен беруге болады: Мектеп арқылы Ата-аналар баласы оқитын мектепке жүгінеді. Өтініш сынып жетекшісі немесе мектеп әкімшілігі арқылы қабылданады. Білім беру ұйымы тиісті тізімдерді қалыптастырып, қажетті ақпаратты ұсынады. Аудандық білім бөлімі арқылы Егер бала мектептің тізіміне енгізілмеген болса, ата-аналар тұрғылықты жері бойынша аудандық білім бөліміне жүгіне алады. Қажетті құжаттар Әдетте келесі құжаттар талап етіледі: ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші; баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; жеңілдік санатын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда); баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама. Жолдамаларды беру мерзімі мен тәртібі Жазғы демалысқа арналған тізімдер алдын ала, негізінен көктем мезгілінде қалыптастырылады. Лагерьлердің жұмысы жаз айларында ұйымдастырылады. Жолдамалар бекітілген тізімдер негізінде бөлінеді. Жолдаманы алу тәртібі Жеңілдік санатына жататын ата-ана құжаттарды мектеп арқылы тапсырады. Құжаттар қаралып, бала тізімге енгізілгеннен кейін мектеп демалыс орны мен лагерьге бару күні туралы ақпарат береді. Маңызды шарттар орын саны шектеулі; өтініштерді алдын ала беру ұсынылады; негізгі тізімде орын болмаған жағдайда қосымша жолдамалар бойынша ақпаратты нақтылауға немесе ақылы демалыс нұсқаларын қарастыруға болады. Қосымша ақпарат алу үшін қайда жүгінуге болады * мектеп әкімшілігіне; * тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық білім бөліміне.

    ·
    Басқа

    АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.

    АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды. АКЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ЖӘНЕ КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДАН ШЫҚҚАН ОҚУШЫЛАРҒА, ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА, СОНДАЙ-АҚ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРҒА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТАЛУЫНА ДАЙЫНДЫҚ КЕЗІНДЕ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК СЕБЕПТЕР БОЙЫНША БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ КЕЛМЕУІНІҢ АЛДЫН АЛУ СОНЫМЕН ҚАТАР, НАУҚАН БОЙЫНША АҚПАРАТТАРДЫ ӘРБІР БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ РЕСМИ САЙТТАРЫ МЕН ӘРБІР АУДАН БОЙЫНША ТӨМЕНДЕГІ БЕЛГІЛЕНГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР АРҚЫЛЫ БІЛУГЕ БОЛАДЫ: Алатау ауданы бойынша: 8708 970 5042, Алмалы ауданы бойынша: 8702 316 0425, Әуезов ауданы бойынша: 8747 673 6036 Бостандық ауданы бойынша: 8775 482 4256, Жетісу ауданы бойынша: 8708 935 9498, 8747 970 9050, Медеу ауданы бойынша: 8747 340 3504, Наурызбай ауданы бойынша: 8775 401 4546, Түрксіб ауданы бойынша: 8701 615 4978. БАРШАҢЫЗДЫ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

    Жарияланды:
    Конкурстар

    Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдардың өтінімдерін қарау жөніндегі конкурстық комиссия отырысының кестесі. 22.07.2026

    Өтетін орны: 22.07.2026ж Оқушылар сарайы, Достык даңғылы 124 № Район Организация Время 1 Медеу ТОО "Baiterek Kids2" 9.00 - 10.00 2 Медеу ТОО "AiDi Kids Almaty" 9.00 - 10.00 3 Медеу ИП "Импульс" 9.00 - 10.00 4 Медеу ТОО "SANA PROFIT A+ " 9.00 - 10.00 5 Медеу ИП "Ли" 9.00 - 10.00 6 Медеу ИП "Сулушаш" 9.00 - 10.00 7 Медеу ТОО "Темирлан" 9.00 - 10.00 8 Медеу ИП "Омар" 10.00 - 11.00 9 Медеу ИП "Жунисбаев" 10.00 - 11.00 10 Медеу ИП Жуманов "MM STUDI" 10.00 - 11.00 11 Медеу ИП "Айтпаева" 10.00 - 11.00 12 Наурызбай ИП "МЕДИНА" 10.00 - 11.00 13 Наурызбай ИП "Қадырбаева" 10.00 - 11.00 14 Наурызбай ИП "Есеналиева А.С." 10.00 - 11.00 15 Наурызбай ИП "Bala Alemi" 11.00 - 12.00 16 Наурызбай ИП Time to stydy 11.00 - 12.00 17 Наурызбай ИП "Куаныш" 11.00 - 12.00 18 Наурызбай ИП "Асылжан" 11.00 - 12.00 19 Наурызбай ИП Зияткер плюс 11.00 - 12.00 20 Наурызбай ИП "Табыс" 11.00 - 12.00 21 Наурызбай ИП Uno Club 11.00 - 12.00 22 Наурызбай ИП "Дарибаев" 12.00 - 13.00 23 Наурызбай ИП HVA Sistem 12.00 - 13.00 24 Наурызбай ИП "Uspanov" 12.00 - 13.00 25 Наурызбай ИП "ElektrON Kazakhstan" 12.00 - 13.00 26 Наурызбай ИП Акимова Дамеш 12.00 - 13.00 27 Наурызбай ИП "Амир" 12.00 - 13.00 28 Наурызбай ИП "Куаныш" 12.00 - 13.00 29 Турксіб ИП Каусар Творческая школа "Star Kids" 14.00 - 15.00 30 Турксіб ИП "Береке" 14.00 - 15.00 31 Турксіб ТОО «Alga Star» 14.00 - 15.00 32 Турксіб ТОО "AiDi School" 14.00 - 15.00 33 Турксіб ИП Искакова 14.00 - 15.00 34 Турксіб ИП "Гайниева" ДОЦ "Murzilka Kids" 14.00 - 15.00 35 Турксіб ИП Сағиева 14.00 - 15.00 36 Турксіб ТОО GB ART 15.00 - 16.00 37 Турксіб ИП "Smart kids" 15.00 - 16.00 38 Турксіб ИП "BAGYT" 15.00 - 16.00 39 Турксіб ИП "Ботагоз" 15.00 - 16.00 40 Турксіб ИП "Орлеу" 15.00 - 16.00 41 Турксіб ИП "Шалкарова" ОЦ Erke kids 15.00 - 16.00 42 Турксіб ИП "Төлеүбай Дариға" "HappyLand" 15.00 - 16.00 43 Турксіб ИП "Eyrasia Global Compani" 16.00 - 17.00 44 Турксіб ИП "Абдельдинов" ЦДО "Өркен" 16.00 - 17.00 45 Турксіб ИП "ДУЙСЕНБЕКОВ НУРБОЛАТ ПЕРНЕБАЕВИЧ" 16.00 - 17.00 46 Турксіб ТОО "Maybe.kz" 16.00 - 17.00 47 Турксіб ИП "Array" 16.00 - 17.00

    Жарияланды:
    Конкурстар

    Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдардың өтінімдерін қарау жөніндегі конкурстық комиссия отырысының кестесі. 21.07.2026

    Өтетін орны: 21.07.2026ж Оқушылар сарайы, Достык даңғылы 124 № Район Организация Время 1 Алатау ИП "Асанова" 9.00 - 10.00 2 Алатау ИП "UMIT" 9.00 - 10.00 3 Алатау ИП "Айсана" 9.00 - 10.00 4 Алатау ИП "YOUR SCHOOL" 9.00 - 10.00 5 Алатау ИП "Lighting" 87051960549 9.00 - 10.00 6 Алатау ТОО "Казнайс" 9.00 - 10.00 7 Алатау ИП "Карлыгаш" 9.00 - 10.00 8 Алатау ИП "Bilge ISIDMA" 10.00 - 11.00 9 Алатау ТОО "Bilge Taraz" 10.00 - 11.00 10 Алатау ТОО "C2P" 10.00 - 11.00 11 Алатау ИП Рамадан 10.00 - 11.00 12 Алатау ИП "Жанерке" 10.00 - 11.00 13 Алатау ИП "Айганым" 10.00 - 11.00 14 Алатау ТОО "Alau Dim Group" 10.00 - 11.00 15 Алатау ИП "Жуманғалиева" 11.00 - 12.00 16 Алатау ИП "Карлыгаш" 11.00 - 12.00 17 Алатау ИП "Alan Qut" 11.00 - 12.00 18 Алатау ИП "Шындал" 11.00 - 12.00 19 Алатау ТОО "As and Er" 11.00 - 12.00 20 Алатау ИП "Әділбаев" 11.00 - 12.00 21 Алмалы ИП "Нютон Думан" 11.00 - 12.00 22 Алмалы ИП "Нютон Тастак" 12.00 - 13.00 23 Алмалы ИП "Нютон Таугуль" 12.00 - 13.00 24 Алмалы ОФ Q-Satti Almaty 12.00 - 13.00 25 Алмалы ТОО "Be GeniusGroup" 12.00 - 13.00 26 Алмалы ИП "ДАНА" 12.00 - 13.00 27 Алмалы ИП Новатор 12.00 - 13.00 28 Алмалы ИП Қалиева 12.00 - 13.00 29 Алмалы ИП "Нургалиева" 14.00 - 15.00 30 Алмалы ИП "Даулет" AQYLDY BALA 14.00 - 15.00 31 Алмалы ТОО Арна-Бұлақ 14.00 - 15.00 32 Ауэзов ИП "GeninusB" 14.00 - 15.00 33 Ауэзов ИП "Ерубаева" 14.00 - 15.00 34 Ауэзов ТОО "Зейін" 14.00 - 15.00 35 Ауэзов ТОО "Аяла" 14.00 - 15.00 36 Ауэзов ИП "TAN" 15.00 - 16.00 37 Ауэзов ИП "Smart Stars" 15.00 - 16.00 38 Ауэзов ИП "Исенова Н.Г." 15.00 - 16.00 39 Ауэзов ИП "Sat media" 15.00 - 16.00 40 Ауэзов ТОО "NS Consuiting Plus" 15.00 - 16.00 41 Бостандык ИП "Ai Education" 15.00 - 16.00 42 Бостандык ИП "Талант" 15.00 - 16.00 43 Бостандык ИП "Шерхан" 16.00 - 17.00 44 Бостандык ИП "EASY SMILE 16.00 - 17.00 45 Бостандык ИП KHASSEN 16.00 - 17.00 46 Жетысу ТОО "Детский центр Болашак" 16.00 - 17.00 47 Жетысу ИП "Даурен" 16.00 - 17.00 48 Жетысу ТОО "ART-Capitals" 17.00 - 18.00 49 Жетысу ИП "Сабанчиева" 17.00 - 18.00 50 Жетысу ИП "ГУЛНУР" 17.00 - 18.00 51 Жетысу ИП "Bilim ART" 17.00 - 18.00 49 Жетысу ИП "Сабанчиева" 17.00 - 18.00 50 Жетысу ИП "ГУЛНУР" 17.00 - 18.00 51 Жетысу ИП "Bilim ART" 17.00 - 18.00 52 Жетысу ТОО "Талантты бала" 17.00 - 18.00 53 Жетысу ИП "Бауденова" 17.00 - 18.00 54 Жетысу ТОО "SMB education" 17.00 - 18.00

    Жарияланды:
    Хаттама

    Талаптарға сәйкестік/сәйкессіздік туралы № 4 хаттама

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы маусым айындағы мемлекеттік қызметтер бойынша талдамалық анықтама.

    Алматы қаласының Білім басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2026 жылғы маусым айындағы 69 512мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсетті, оның ішінде: 3002 мемлекеттік қызмет – кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілді; 2876 мемлекеттік қызмет – кеңсе арқылы балама негізде қағаз нысанда көрсетілді, бірақ олар «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін; 29372мемлекеттік қызмет - көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде көрсетілді (www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда ); 25772мемлекеттік қызмет– көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілді (www.egov.kz, www.elicense.kz электрондық үкімет веб-порталын қоспағанда); Көрсетілген 69 512 мемлекеттік қызметтің ішінен басқарма 9 рет қағаз түрінде берілген мемлекеттік қызметтерді көрсетуден 8481 рет бас тартты (барлық бас тартулар электрондық нысанда ұсынылған).

    Жарияланды:
    Хаттама

    Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы ХАТТАМА

    Жарияланды: