Балабақшаға ваучерлерді бөлу кезінде азаматтардың қандай санаттары басымдыққа ие?
Басымдығы бар азаматтардың санаттары:
1)әскери қызметшілер ("Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы"ҚР Заңының 52-бабының 3-тармағы);
2) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері ("Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" ҚР Заңының 78-бабы 8-тармағы);
3) құқық қорғау органдарының қызметкерлері ("Құқық қорғау қызметі туралы" ҚР Заңының 64-бабының 5-тармағы).
4) педагог қызметкерлердің балалары ("Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңының 12-бабының 3-тармағы);
5) медицина қызметкерлерінің балалары, егер олардың заңды өкілдері мүгедек болып табылса;
6) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар;
7) көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
8) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар;
9) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар.