
Шахаров Асхат Берлешұлы
Ақтөбе облысының әкімі
1978 жылғы 3 қазанда Ресей Федерациясының Орынбор облысында дүниеге келген. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын, 2002 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, 2013 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын, 2018 жылы Атырау мұнай және газ университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі - дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, халықаралық экономист, менеджер, техника және технология бакалавры. Экономика ғылымдарының кандидаты.




















