
Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1978 жылғы 10 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясын, 2008 жылы Ұлттық ғылыми медициналық орталығының аспирантурасында оқыған. 2011 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін МВА іскерлік әкімшілендіру саласындағы Дьюк Университетінің Фукуа бизнес-мектебінің бағдарламасы бойынша бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – хирург, құқықтану, бизнес-әкімшелендіру. Медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 2025 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы РХШжМҚА тәмамдады, DBA (Doctor of Business Administration) дәрежесі берілді.
Еңбек жолын 2002 жылы Ақтөбе қаласындағы «№ 2 Қалалық емханасы» МҚК дәрігер-хирург болып бастаған.
2004-2010 жж. - Ақтөбе қалалық жедел медициналық көмек ауруханасында дәрігер-хирург
2010-2012 жж. – Ақтөбе қаласындағы «№ 2 Қалалық емханасы» МҚК бас дәрігерінің орынбасары.
2010-2021 жж. – Ақтөбе қаласындағы оңалту медициналық орталығының директоры.
2021-2023 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII, VIII шақырылымдарындағы депутаты.
2023 ж. қыркүйек айынан бастап - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.





