Әбдікәрімов Абзал Әлиұлы

    Облыс әкімінің орынбасары

    Әбдікәрімов Абзал Әлиұлы
    Заместитель акима

    Әбдікәрімов Абзал Әлиұлы

    Облыс әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    1987 жылғы 15 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2010 жылы – Лондондағы Корольдік колледжін («Kings College London», Лондон, Ұлыбритания), 2011 жылы – Бизнес мектебін («IE Business School», Мадрид, Испания), 2013 жылы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

    Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

    Еңбек жолын 2010 жылы «KAАДиК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджмент және маркетинг бөлімінің басшысы болып бастаған.

    2012 - 2016 жж. - «Самұрық - Қазына Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тау-кен және химия өнеркәсібінің инвестициялық жобалары департаментінің менеджері, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ инвестициялық жоба департаментінің бас маманы, «Orda Glass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің директоры, «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ стратегия және басым жобалар департаментінің жоба басшысы, кәсіпкерлік және инновация департаментінің жоба басшысы.

    2016 - 2019 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі, өңірлік саясат, өңірлерді талдау және бағалау Департаменті, өңірлерді талдау және бағалау Департаменті директорының орынбасары, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау Департаментінің директоры.

    2019 - 2022 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы.

    2022 - 2024 жж. - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

    2024 ж. мамыр айынан бастап - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері