Есенбаев Асылбек Есімқанұлы

    Облыс әкімінің орынбасары

    Есенбаев Асылбек Есімқанұлы
    Заместитель акима

    Есенбаев Асылбек Есімқанұлы

    Облыс әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    1977 жылы 23 қаңтарда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1998 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты.

    Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақстанның даму институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғылыми қызметкері болып бастаған.

    2001 – 2005 жылдары «Стратегия» талдау орталығының сарапшысы, директорының орынбасары, «KEGOC» ААҚ «Сарбай жүйеаралық электр желілері» филиалының екінші санаттағы есепшісі, «Трансстрой» корпорациясы» ААҚ Қазақстандық филиалының экономисті, бас экономисті болып жұмыс істеді.

    2005-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас маманы, ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығының бас сарапшысы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының бас сарапшысы, жылдары ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты мен Қазақстан-Ресей университеті директорының орынбасары;

    2009-2024 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, көмекшісі, ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі, ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі, Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс және тұрғын үй саясаты, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармаларының басшысы, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы және Астана қаласының «Есіл» ауданының әкім қызметтерін атқарған.

    2024 ж. ақпан айынан бастап - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері