
Есенғалиев Мұқанбетқали Есжанұлы
Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары
Өмірбаян
1987 жылғы 21 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген, екі жоғары білімді.
2008 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2019 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2009 жылы бастаған. Әр жылдары облыс әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы, Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.
2021 жылдың сәуір айынан бастап Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
2023 жылдың 5 шілде айынан бастап - Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.





