Қызметкерлер — Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

    Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Мұздыбаев Ержан Мұздыбайұлы
    Басқарма басшысы

    Мұздыбаев Ержан Мұздыбайұлы

    «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысы

    1991 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 2012 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2017 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – мемлекеттік және жергілікті басқару маманы, құқықтану, құрылыс саласының маманы.

    Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралыБюджет қаражатын жоспарлау және пайдалануӘлеуметтік нысандардың құрылысы
    Жарасбаев Аслан Байқазақұлы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Жарасбаев Аслан Байқазақұлы

    "Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ басшысының экономикалық және қаржылық мәселелер жөніндегі орынбасары.

    1989 жылы 1 шілдеде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын бітірген Мамандығы бойынша біліктілігі – экономист.

    Бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану
    Есенгулов Жандос Жомартович
    Басқарма басшысының орынбасары

    Есенгулов Жандос Жомартович

    "Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ басшысының өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары.

    1993 жылғы 8 сәуірде Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын (ҚазБСҚА), 2018 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — құрылыс және құқықтану.

    Әлеуметтік нысандардың құрылысы

    Бөлім

    9
    Кенжеғали Ляззат Жанбулатқызы
    Бөлім басшысы

    Кенжеғали Ляззат Жанбулатқызы

    Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы

    1992 жылы 8 тамызда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. 2010-2013 жылдары Алматы экономика жане статистика академиясын «Еceп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

    Рзин Жасұлан Жанзақұлы
    Бөлім басшысы

    Рзин Жасұлан Жанзақұлы

    Экономикалық жоспарлау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

    1995 жылғы 21 қаңтарда Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2016 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін, 2018 жылы Қазақ-Орыс халықаралық университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі Қаржы Стандарттау, сертификаттау және метрология

    Бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану
    Аскарова Лаура Римовна
    Бөлім басшысы

    Аскарова Лаура Римовна

    Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

    1989 жылы 9 шілдеде Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2010 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – мемлекеттік және жергілікті басқару маманы.

    Сәулет
    Сертаев Нуртай Кенесович
    Бөлім басшысы

    Сертаев Нуртай Кенесович

    Жобалау-сметалық құжаттамалар бөлімінің басшысы

    1988 жылы 2 қаңтарда Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін бітірген. 2021 жылы «Құрылыс» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Мамандығы бойынша біліктілігі – қаржыгер, құрылысшы.

    Лепесов Самат Улгайсынович
    Бөлім басшысы

    Лепесов Самат Улгайсынович

    Өндірістік бөлімінің басшысы

    1982 жылғы 15 тамызда Ақтөбе облысы Алға ауданы Ильинка ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін, 2021 жылы Қазақ-Орыс халықаралық университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — қаржыгер, құрылыс саласының маманы.

    Әлеуметтік нысандардың құрылысы

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    1

    Басқа қызметкерлер

    1