
Аскарова Лаура Римовна
Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1989 жылы 9 шілдеде Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
2010 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі – мемлекеттік және жергілікті басқару маманы.
Еңбек жолын 2010 жылы «Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы» ММ жастар тәжірибесі бойынша стажер болып бастаған.
2011 - 2012 жылдары - «Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы» ММ экономисті
2012 жылы - «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бас маманының міндетін атқарушысы
2012 - 2013 жылдары - «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бас маманы
2013 жылы - «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ еңбек нарығы және әлеуметтік көмек мониторингі секторы бас маманының міндетін атқарушысы
2013 - 2014 жылдары - «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ еңбек нарығы және әлеуметтік көмек мониторингі секторының бас маманы
2014 жылы - «Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы» ММ тұрғын үй мониторингі және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманының міндетін атқарушысы
2014 - 2016 жылдары - «Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы» ММ тұрғын үй мониторингі және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
2016 - 2019 жылдары - «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ тұрғын үй мониторингі және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
2019 жылы - «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ тұрғын үй мониторингі және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
2019 - 2024 жылдары - «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ тұрғын үй мониторингі бөлімінің басшысы
2024 жылдан осы уақытқа дейін «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.




