
Жарасбаев Аслан Байқазақұлы
"Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ басшысының экономикалық және қаржылық мәселелер жөніндегі орынбасары.
Өмірбаян
1989 жылы 1 шілдеде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылында дүниеге келген.
2012 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын бітірген
Мамандығы бойынша біліктілігі – экономист.
Еңбек жолын 2009 жылы «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ әдіскер-бухгалтер болып бастаған.
2011 - 2013 жылдары – «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ бас бухгалтері.
2013 - 2016 жылдары – «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ қаржы-экономикалық және кадр секторының бас маманы.
2016 жылы – «Ақтөбе қаласы, Алғыс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы.
2016 - 2017 жылдары – «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасы» ММ ұйымдастыру-құқықтық және қаржы бөлімінің бас маманы.
2017 - 2019 жылдары – «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасы» ММ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы.
2019 - 2020 жылдары – «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысының орынбасары.
2020 жылдың сәуір айынан мамыр айына дейін - «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары.
2020 жылдың маусым айынан шілде айына дейін - «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ әкімшілік-құқықтық секторының бас маманы.
2020 – 2021 жылдары – «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысының орынбасары.
2021 жылдан бастап – «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысының орынбасары.

