
Есенгулов Жандос Жомартович
"Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ басшысының өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары.
Өмірбаян
1993 жылғы 8 сәуірде Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келген.
2014 жылы Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын (ҚазБСҚА), 2018 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі — құрылыс және құқықтану.
Еңбек жолын 2015 жылы Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.
2017 - 2018 жылдары- Ақтөбе облысы әкімі аппаратының жетекші маманы
2018 жылы - Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бас маманы
2018 - 2019 жылдары - «Актөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ бас маманы.
2019 - 2021 жылдары - «Ақтөбе облысының кұрылыс, сәулет және қала кұрылысы басқармасы» ММ бөлім басшысы.
2021 - 2023 жылдары - Ақтөбе облысы әкімі аппаратаның бас инспекторы.
2023 жылы - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті бас сарапшы. Астана қаласы.
2023 - 2024 жылдары - Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі.
2024 жылы 24 желтоқсанда «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала кұрылысы басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.

