Қызметкерлер — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Абдреева Шолпан Тоқтарқызы
    Қызметкерлер

    Абдреева Шолпан Тоқтарқызы

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы

    Ш.Т. Әбдіреева зияткерлік меншік саласында, оның ішінде халықаралық үкіметаралық ұйымда – Еуразиялық патенттік ұйымның Еуразиялық патенттік ведомствосында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Бұдан басқа, Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі алқасының судьясы ретінде жұмыс тәжірибесі бар. Әділет органдарында еңбек жолын 2001 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің (бұдан әрі – Комитет) туындыларға құқықтарды тіркеу, аумақтық әділет органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімінің бастығы ретінде бастады, онда Комитет төрағасының орынбасарына дейінгі жүріп өтті. Өзінің кәсіби қызметі жылдарында осы саладағы ұлттық және халықаралық құқықтық жүйенің дамуына елеулі үлес қосты. Зияткерлік меншік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, Еуразиялық экономикалық одақ пен ТМД құру және жұмыс істеуі шеңберінде Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі жөніндегі сараптамалық деңгейдегі келіссөздерге белсенді қатысты. Ш.Т. Әбдіреева Турин университетінің құқық магистрі (LLM) дәрежесіне ие. Сонымен қатар, ол Ресейдің Мемлекеттік зияткерлік меншік академиясында оқыды. Комитет төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2024 жылғы 25 қыркүйектен бастап Президент Әкімшілігінің және Үкімет Аппаратымның келісімі бойынша Комитет төрағасы қызметіне тағайындалды.

    Кәкен Гүлнәра Қаратайқызы
    Қызметкерлер

    Кәкен Гүлнәра Қаратайқызы

    Төраға орынбасары

    Г.Қ. Кәкен зияткерлік меншік саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Еңбек жолын әділет органдарында 2003 жылғы 12 тамызда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің халықаралық және қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлімінің бас маманының м.а. ретінде бастады. Өзінің кәсіби қызметі барысында зияткерлік меншік саласындағы заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ), ЕАЭО және ТМД халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге және ратификациялауға, Еуропалық одақпен Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қатысты. Сондай-ақ халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысты, АҚШ Сауда министрлігінің коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасының (CLDP) Зияткерлік меншік жөніндегі жұмыс тобының жұмысына, Астана қаласындағы ДЗМҰ жазғы мектебінің лекторы ретінде қатысты. 2019 жылы «Іскерлік әкімшілендіру шебері – Master of Business Administration (MBA)» бағдарламасы бойынша Ресей Мемлекеттік зияткерлік меншік академиясын, «Іскерлік әкімшілендіру шебері – Master of Business Administration (MBA)» біліктілігін бере отырып, «МВА – зияткерлік меншік саласындағы жобаларды басқару» мамандығын бітірді. 2024 жылғы 25 қыркүйектен бастап Президент Әкімшілігінің және Үкімет Аппаратымның келісімі бойынша Комитет төрағасы қызметіне тағайындалды.

    Сиротина Марина Николаевна
    Қызметкерлер

    Сиротина Марина Николаевна

    Төраға орынбасары

    Марина Николаевна Сиротина Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына ( ДСҰ ) кіру процесін талдамалық қолдауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанынан құрылған «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы » АҚ-да 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар . Өзінің кәсіби қызметі барысында М.Н. Сиротина зияткерлік меншік мәселелеріне жетекшілік етті және Қазақстанның ДСҰ -ға қосылу процесін , Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы мен жұмыс істеуін , Еуропалық одақпен Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім жасасуды , сондай -ақ еркін сауда туралы бірқатар келісімдерді әзірлеу мен іске асыруды қоса алғанда, екіжақты және көпжақты келіссөздерге белсенді қатысты . Негізгі жұмысынан басқа , ол Беларусь пен Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының ( БҰҰДБ ) жобаларына қатысты , сондай -ақ ДСҰ өңірлік курсы шеңберінде дәрістер өткізе отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық сарапшысы ретінде әрекет етті . М.Н. Сиротина Қазақ мемлекеттік заң университетінде құқық магистрі , сондай -ақ « Болашақ » бағдарламасы бойынша Лондондағы королева Мэри университетінің құқық магистрі ( LLM ) дәрежесіне ие .

    Управления

    2