
Абдреева Шолпан Тоқтарқызы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы
Өмірбаян
Ш.Т. Әбдіреева зияткерлік меншік саласында, оның ішінде халықаралық үкіметаралық ұйымда – Еуразиялық патенттік ұйымның Еуразиялық патенттік ведомствосында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Бұдан басқа, Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі алқасының судьясы ретінде жұмыс тәжірибесі бар.
Әділет органдарында еңбек жолын 2001 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің (бұдан әрі – Комитет) туындыларға құқықтарды тіркеу, аумақтық әділет органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімінің бастығы ретінде бастады, онда Комитет төрағасының орынбасарына дейінгі жүріп өтті.
Өзінің кәсіби қызметі жылдарында осы саладағы ұлттық және халықаралық құқықтық жүйенің дамуына елеулі үлес қосты. Зияткерлік меншік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, Еуразиялық экономикалық одақ пен ТМД құру және жұмыс істеуі шеңберінде Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі жөніндегі сараптамалық деңгейдегі келіссөздерге белсенді қатысты.
Ш.Т. Әбдіреева Турин университетінің құқық магистрі (LLM) дәрежесіне ие. Сонымен қатар, ол Ресейдің Мемлекеттік зияткерлік меншік академиясында оқыды.
Комитет төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2024 жылғы 25 қыркүйектен бастап Президент Әкімшілігінің және Үкімет Аппаратымның келісімі бойынша Комитет төрағасы қызметіне тағайындалды.

