Кәкен Гүлнәра Қаратайқызы

    Төраға орынбасары

    Кәкен Гүлнәра Қаратайқызы
    Заместитель Председателя

    Кәкен Гүлнәра Қаратайқызы

    Төраға орынбасары

    Өмірбаян

    Г.Қ. Кәкен зияткерлік меншік саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Еңбек жолын әділет органдарында 2003 жылғы 12 тамызда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің халықаралық және қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлімінің бас маманының м.а. ретінде бастады.

    Өзінің кәсіби қызметі барысында зияткерлік меншік саласындағы заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ), ЕАЭО және ТМД халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге және ратификациялауға, Еуропалық одақпен Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қатысты.

    Сондай-ақ халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысты, АҚШ Сауда министрлігінің коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасының (CLDP) Зияткерлік меншік жөніндегі жұмыс тобының жұмысына, Астана қаласындағы ДЗМҰ жазғы мектебінің лекторы ретінде қатысты.

    2019 жылы «Іскерлік әкімшілендіру шебері – Master of Business Administration (MBA)» бағдарламасы бойынша Ресей Мемлекеттік зияткерлік меншік академиясын, «Іскерлік әкімшілендіру шебері – Master of Business Administration (MBA)» біліктілігін бере отырып, «МВА – зияткерлік меншік саласындағы жобаларды басқару» мамандығын бітірді.

    2024 жылғы 25 қыркүйектен бастап Президент Әкімшілігінің және Үкімет Аппаратымның келісімі бойынша Комитет төрағасы қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері