Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.
Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Жаңалықтар
АшуҚР Әділет министрлігінде Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті
АшуҚазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Жаһандық инновациялық индексінде Орталық Азияда 1-орынға ие болды
АшуАстанада дипломаттарға арналған ДЗМҰ зияткерлік меншік жөніндегі тренингі басталды
АшуҚР Әділет министрлігі телеарналар мен радиостанциялардың өкілдерімен бірлесіп авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді
АшуӘділет министрлігінде Женевадағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында (ДЗМҰ) өткен Қазақстанның алғашқы елдік көрмесінің қорытындысы шығарылды
АшуАстана « ДЗМҰ Инновациялар қаласы » халықаралық сыйлығының финалистері қатарына енді
Құжаттар
Талап қою арызының үлгісі
Соттың атауы: <_______________> Мекенжайы: <________________> Талап қоюшы: <________________> ЖСН/БСН: <____________> Мекенжайы: <________________> Ұялы телефон: <____> Электрондық мекенжайы: <_____> Жауапкер:<____________> БСН: <_________________> Мекенжайы: <________________> Ұялы телефон: <____> Электрондық мекенжайы: <_____> Талап қою бағасы: <____> теңге Мемлекеттік баж: <___> теңге ТАЛАП ҚОЮ сыйақыны өндіріп алу және құқық иеленушінің құқықтарының бұзылғанын тану туралы «__» ______ 20__ жылы Талап қоюшы мен ҚҰБҰ толық атауы> (бұдан әрі – Жауапкер) арасында құқықтарды ұжымдық басқару туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасалды, оған сәйкес соңғысына Талап қоюшының мүліктік авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарын ұжымдық негізде басқару жөніндегі өкілеттіктер берілді. Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 5-тармағына сәйкес автордың немесе өзге де құқық иеленушінің туындыны пайдаланудың әрбір түрі үшін сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшері мен есептеу тәртібі авторлық шартпен, сондай-ақ авторлардың құқықтарын ұжымдық басқару ұйымдары жасайтын шарттармен белгіленеді. Шарттың ____-тармағына сәйкес жауапкер Талап қоюшыға тиесілі авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдады. Мұндай міндеттемелер ҚҰБҰ үшін Заңның 44-бабының 5-тармағында, 45-бабының 5) тармақшасында да тікелей көзделген. Сыйақы мөлшері авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану түріне, объект санатына және пайдалану тәсіліне қарай, атап айтқанда: _______. Заңның 46-бабы 1-тармағының 3) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 100 бұйрығымен бекітілген Құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оны пайдалануға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсыну қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 75-тармағының талаптарына сәйкес сыйақы есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей, тоқсанына кемінде бір рет төленуге тиіс (бұл талап Шарттың ___-тармағында да көзделген). Сонымен бірге, өзіне қабылдаған міндеттемелеріне қарамастан, Жауапкер Шарт талаптарын тиісінше орындамай отыр. Атап айтқанда, «__» ________ 20__ жылдан «__» ________ 20__ жылға дейінгі кезең үшін Талап қоюшыға сыйақы төленбеген. Сонымен қатар, Жауапкер Заңның 46-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және Қағидалардың 68, 69-тармақтарында көзделген бірыңғай цифрлық платформада сыйақыны жинау және бөлу туралы есепті қалыптастыру, сондай-ақ төлеумен бір мезгілде құқық иеленушіге жиналған сыйақы мөлшері мен ұсталған сомалар туралы есептілікті ұсыну жөніндегі талаптарды бұзуда. Дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу мақсатында Талап қоюшы «___» ________ 20__ жылғы сыйақыны төлеу және есептілікті ұсыну туралы наразылық хат жолдады. Сонымен бірге, осы уақытқа дейін аталған талаптар орындалмаған. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 272-бабына сәйкес міндеттеме міндеттеменің талаптары мен заңнама талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс. Қолда бар ақпарат пен қолданылатын мөлшерлемелерді ескере отырып жүргізілген алдын ала есептеулер негізінде төленбеген сыйақы сомасы ________ теңгені құрайды. Нақты мөлшерді сот Жауапкердің есептілігі, бірыңғай цифрлық платформадағы деректер және туындыларды нақты пайдалану туралы мәліметтер негізінде белгілеуге тиіс. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабына сәйкес азаматтық құқықтарды қорғау, оның ішінде міндеттемені орындауға мәжбүрлеу және тиесілі сомаларды өндіріп алу арқылы жүзеге асырылады. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 148–149-баптарын басшылыққа ала отырып, СОТТАН СҰРАЙМЫН: Жауапкерді құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаның деректерін пайдалана отырып, жиналған сыйақы, оның бөлінуі, қолданылған мөлшерлемелер және ұсталған сомалар туралы толық есепті ұсынуға міндеттеу; Жауапкерден Талап қоюшының пайдасына төленбеген сыйақы сомасын ________ теңге мөлшерінде өндіріп алу; Жауапкерден сот шығыстарын, оның ішінде төленген мемлекеттік баж сомасын өндіріп алу. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі: Талап қою арызының және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері; Мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек; «_» ________ 20__ жылғы құқықтарды ұжымдық басқару туралы шарт; Туындыларға құқықтарды растайтын құжаттар; «_» ________ 20__ жылғы наразылық хат; Наразылықты жолдағанын растайтын дәлелдемелер; Талап қою сомасының есебі; Өзге де құжаттар. Талап қоюшы: ______________ ______________ Қолы Т.А.Ә. _____________ Күні
Аккредиттелген ұжымдық құқықтарды басқару ұйымдарының тізімі
Аккредиттелген құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың тізімі № Ұйым атауы Басшы Мекенжайы және байланыс деректері Аккредиттеу туралы куәліктердің қолдану мерзімі Ұжымдық басқару саласы 1. «Қазақстан Зияткерлік Меншік Агенттігі» заңды тұлғалар бірлестігі Альбина Рашидовна Ильясова Басшы Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Луганский көшесі, 21А үй, 11 тұрғын емес орынжай, тел.:87018886001 website: www.kais.com.kz email: [email protected] 10.04.2024 10.04.2029 KZ44VFY00000503 1) көпшілік алдында орындалуына, жалпы жұрттың назарына кәбіл арқылы хабарлануына немесе эфирге, оның ішінде ретрансляциялау арқылы берілуіне қатысты жарияланған (мәтіні бар немесе мәтіні жоқ) музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық туындылардың үзінділеріне айрықша құқықтарды басқару; 2) дыбыстау-бейнелеу туындыларында пайдаланылған (мәтіні бар немесе мәтіні жоқ) музыкалық туындылардың авторлары болып табылатын композиторлардың осындай дыбыстау-бейнелеу туындысын көпшілік алдында орындағаны немесе жалпы жұрттың назарына кәбіл арқылы хабарлағаны немесе эфирге бергені үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру; 3) орындаушылардың коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды көпшілік алдында орындау, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру; 4) фонограмма шығарушылардың коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды көпшілік алдында орындау, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру; 2. «Қазақ әуендерінің орындаушылары» республикалық қоғамдық бірлестігі Даулет Турсынбаевич Махсудов Басшы Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Қайтпас мөлтек ауданы, Амангелді көшесі, 22 үй, тел. 8 (725) 247-61-43 e-mail: [email protected], web-site: www.ikp.kz 04.07.2024 04.07.2029 1)KZ48VFY00000528 2)KZ21VFY00000529 3)KZ10VFY00000533 4)KZ75VFY00000527 1) дыбыстау-бейнелеу туындыларында пайдаланылған (мәтіні бар немесе мәтіні жоқ) музыкалық туындылардың авторлары болып табылатын композиторлардың осындай дыбыстау-бейнелеу туындыларын көпшілік алдында орындау немесе жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру; 2) көпшілік алдында орындалуына, жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру, оның ішінде ретрансляциялау арқылы хабарлауға қатысты жарияланған (мәтіні бар немесе мәтіні жоқ) музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық туындылардың үзінділеріне айрықша құқықтарды басқару; 3) орындаушылардың коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды көпшілік алдында орындау, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру; 4) фонограмма шығарушылардың коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды көпшілік алдында орындау, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына бойынша хабарлау немесе эфирде беру үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру; 3. «Авторлар әндерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Алтынбек Орынтайулы, Утебаев Басшы Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Қайтпас мөлтек ауданы, Амангелді көшесі, 22 үй, тел. 8 (725) 247-61-43 e-mail: [email protected] website: www.roo-sap.kz 04.07.2024 04.07.2029 1)KZ64VFY00000531 2)KZ64VFY00000532 3)KZ05VFY00000526 4)KZ91VFY00000530 1) дыбыстау-бейнелеу туындыларында пайдаланылған (мәтіні бар немесе мәтіні жоқ) музыкалық туындылардың авторлары болып табылатын композиторлардың осындай дыбыстау-бейнелеу туындыларын көпшілік алдында орындау немесе жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру; 2) көпшілік алдында орындалуына, жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру, оның ішінде ретрансляциялау арқылы хабарлауға қатысты жарияланған (мәтіні бар немесе мәтіні жоқ) музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық туындылардың үзінділеріне айрықша құқықтарды басқару; 3) орындаушылардың коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды көпшілік алдында орындау, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру; 4) фонограмма шығарушылардың коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды көпшілік алдында орындау, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына бойынша хабарлау немесе эфирде беру үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру;
«Шапағат» конкурсын өткізу ережелерін бекіту туралы, әлеуметтік және экономикалық маңызы бар, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру туралы
№ 568 от 16.06.2026 «Шапағат» конкурсын өткізу ережелерін бекіту туралы, әлеуметтік және экономикалық маңызы бар, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру туралы «Қазақстан Республикасының Патенттік заңы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: Қоса беріліп отырған әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу жөніндегі «Шапағат» конкурсын өткізу қағидалары, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру қағидалары бекітілсін. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне: осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Лауазымы Аты-жөні Бұйрыққа қосымша Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу Қағидалары, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру туралы 1-тарау. Жалпы ережелер Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу Қағидалары, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Патенттік заңы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу тәртібін, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру тәртібін айқындайды. Қағидаларда мына ұғымдар қолданылады: конкурс ұйымдастырушысы – «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі; конкурстың жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; патент иеленуші – қорғау құжатының иесі; дипломант – комиссия тарапынан сәйкес номинация бойынша жеңімпаз деп танылған және дипломмен марапатталған конкурстың қатысушысы; зияткерлік меншік объектілері – зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары. 2-тарау. Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу тәртібі Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру бойынша «Шапағат» конкурсы (бұдан әрі – конкурс) әрбір екі жылда кемінде бір рет төрт кезеңде өткізіледі: бірінші кезең: іс-шараны жариялау, бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) көрсету; екінші кезең: өтінімдерді қабылдау; үшінші кезең: конкурс комиссиясының отырысы; төртінші кезең: салтанатты марапаттау және іс-шараны БАҚ-та көрсету, конкурс комиссиясының шешімі бойынша хаттаманы конкурстың жұмыс органы интернет-ресурсында жариялау. Конкурс өткізу туралы ақпарат, қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімдері және конкурс қорытындылары конкурстың жұмыс органы интернет-ресурсында жарияланады. Конкурсқа қатысуға өтінімдер конкурстың жұмыс органы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберіледі, бұл мекенжай конкурс өткізілетіні туралы хабарламада көрсетіледі. Комиссия өз қызметін Заңға және Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады. Комиссияның құрамына тақ сандағы қатысушылар кіреді және ол он бес мүшеден аспайды. Комиссияның құрамы конкурстың жұмыс органы тарапынан уәкілетті органмен келісу арқылы бекітіледі және төраға, хатшы және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссия төрағасы комиссия отырысында оның мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы қатысып отырған мүшелердің жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады. Комиссия төрағасы ретінде конкурс ұйымдастырушысы және жұмыс органы өкілдері сайлана алмайды. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия хатшысы конкурстың жұмыс органы қызметкері болып табылады. Хатшы комиссия мүшесі болып саналмайды және комиссия шешімдерін қабылдауда дауыс беру құқығына ие емес. Комиссия отырыстары оның құрамын бекіткен күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі. Комиссия құрамына гранттық қаржыландыруды, инновациялық және кәсіпкерлік қызметті қолдауды жүзеге асыратын ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау, биотехнология, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғылыми қоғамдастық пен бизнес өкілдері кіреді. Комиссияның отырыстары бетпе-бет форматта өткізіледі. Комиссия мүшелері қажет болған жағдайда Комиссия отырыстарына бейне-конференц-байланыс режимінде қатысады. Комиссия: конкурсқа қатысуға өтінім берген қатысушылардың материалдарын қарайды; конкурсқа қатысушыларды бағалауды және үміткерлерді іріктеуді жүргізеді; атақ береді, жеңімпаздар мен дипломанттарды конкурс номинациялары бойынша айқындайды. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі. Комиссияның әрбір мүшесі әр номинация бойынша тек бір кандидат үшін дауыс береді. Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қабылданады, оның нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген номинациялар бойынша жеңімпаз және бес дипломант айқындалады. Комиссия мүшесі мүдделер қақтығысы болған жағдайда, оның ішінде конкурсқа қатысу үшін ұсынылған өтінімдер мен өтінішхаттарда көрсетілген, осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес конкурс өткізілетін күнге дейінгі екі жыл ішінде берілген қолданыстағы қорғау құжаттары бар авторлар мен құқық иеленушілерге қатысты өтінімдер мен қолдаухаттарды қарауға, бағалауға және олар бойынша дауыс беруге қатыспайды. Дауыс тең болған жағдайда, комиссия отырысын жүргізіп отырған төрағаның дауысы шешуші болып саналады. Конкурс жеңімпаздарына берілетін ақшалай сыйлықтардың түрлері мен мөлшері конкурстың жұмыс органы тарапынан өз қаражаты есебінен және (немесе) демеушілік қолдау (болған жағдайда) есебінен айқындалады. Конкурстық материалдарда қамтылған, сондай-ақ оларды бағалау барысында алынған ақпарат құпия болып табылады және тек конкурс өткізу мақсатында пайдаланылады. Көрсетілген материалдарды қатысушының жазбаша келсімінсіз өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді. 1-параграф. Конкурс номинацияларының түрлері және қатысушылар Конкурс мына номинациялар бойынша өткізіледі: жыл өнертабысы; әйел өнертапқыш; жас өнертапқыш; үздік инновациялық компания; ең белсенді өнертапқыш; жас дарын. «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру бойынша конкурсқа қатысуға өтінім Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылатын өтінішхат түрінде беріледі (бұдан әрі – өтінішхат). Өтінішхат: 1) мемлекеттік орган және (немесе) заңды тұлға тарапынан; 2) ғылыми ұйым тарапынан; 3) қоғамдық бірлестік тарапынан; 4) өндірісте өнертабысты енгізген кәсіпорын, мекеме немесе ұйым тарапынан беріледі. Өтінішхатқа Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген тұлғалардың басшысы немесе оның міндетін атқаратын тұлға тарапынан қол қойылады. Өтінішхатта: өнертабыстың сала үшін маңызы; алынған патенттердің, авторлық куәліктердің жалпы саны; өнертабысты енгізу туралы кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың пікірлерінің болуы; конкурсқа қатысуға өтінім берілген сәтке дейінгі соңғы үш жылдағы өнертапқыштық қызмет нәтижелерін практикалық пайдалану туралы мәліметтер; өнертапқыштық қызметі үшін марапаттар мен қолдау көрсету марапаттары; кандидаттың еңбегі мен жетістіктерін көрсететін қызметтің басқа бағыттары көрсетіледі. Конкурс өткізілетін күннен екі жыл бұрын берілген қолданыстағы патенттері бар Қазақстан Республикасының патент иеленушілері, қысқаша сипаттама, презентация немесе бір минутқа дейінгі бейнеролик ұсыну арқылы, Қағидалардың 20-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген номинациялар бойынша, Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілген өтінім негізінде конкурсқа қатысады. Жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалар конкурсқа Қағидалардың 20-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген номинация бойынша қатысады. Қазақстан Республикасының 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтары конкурсқа Қағидалардың 20-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген номинация бойынша қатысады. Қазақстан Республикасының өндірісіне енгізілген қорғалатын өнертабыстар мен басқа да айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық маңызы бар зияткерлік меншік объектілеріне ие заңды тұлғалар конкурсқа Қағидалардың 20-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген номинация бойынша қысқаша сипаттама, презентация немесе бір минутқа дейінгі бейнеролик ұсына отырып, Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес өтінім нысаны негізінде қатысады. Қазақстан Республикасының патент иеленушілері (заңды және (немесе) жеке тұлғалар) және ең көп әрекеттегі патенттерге ие авторлар, патенттердің берілген күніне қарамастан, қысқаша сипаттама, презентация немесе бір минутқа дейінгі бейнеролик, кандидаттың аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, рецензиялар және басқа материалдар ұсына отырып, Қағидалардың 20-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген номинация бойынша, Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес өтінім нысаны негізінде конкурсқа қатысады. Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарының 14-тен 18 жасқа дейінгі оқушылары жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы ғылыми әзірлемелері бар, соның ішінде өнертабыстарға патенттері, кандидаттың аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, рецензиялар және басқа материалдарымен және Қағидалардың 20-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген номинация бойынша қысқаша сипаттама, презентация немесе бір минутқа дейінгі бейнеролик ұсынады, Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес өтінім нысаны негізінде конкурсқа қатысады. Қатысушы өтінімге заңды өкілінің жазбаша келісімін қоса береді: кәмелетке толмағандардың конкурсқа қатысуы; кәмелетке толмаған адамдардың дербес деректерін, сондай-ақ заңды өкілдің дербес деректерін жинау, өңдеу және сақтау; конкурс нәтижелері туралы мәліметтерді жариялау. Осы Қағидалардың 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29 және 30-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мен өтінішхаттар комиссияның қарауына жіберілмейді. 2-параграф. Конкурс номинациялары бойынша бағалау критерийлері, сондай-ақ конкурс қорытындылары Комиссия «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын мынадай критерийлер бойынша береді: өнертабысқа алынған және қолданыстағы патенттердің, сондай-ақ автор куәліктерінің жалпы саны; экономиканың әртүрлі салаларында аса маңызды және кеңінен қолданылатын патенттелген өнертабыстарды енгізу және қолдану нәтижелері; енгізу мен қолданудың жалпы экономикалық маңызы, олардың әлеуметтік маңыздылығы (кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың пікірлері, өнертабыстарды енгізу туралы актілер); зияткерлік меншік объектілерін кешенді қорғаудың болуы; өнертабыс саласындағы қызметті жүзеге асыру ұзақтығы; өнертабыстарды беруге және (немесе) пайдалануға құқық беруге тіркеулердің саны. Комиссия «Жыл өнертабысы», «Әйел өнертапқыш» номинациялары бойынша конкурс жеңімпаздарын мынадай критерийлер негізінде айқындайды: әлеуметтік маңыздылығы; технологияларды өндіріске енгізу және (немесе) коммерцияландыру; өнертабысты қолданудың экономикалық маңыздылығы; бәсекеге қабілеттілік. Комиссия «Жас өнертапқыш» номинациясы бойынша конкурс жеңімпазын мынадай критерийлер негізінде айқындайды: әлеуметтік маңыздылығы; аналогтармен салыстырғанда дамудың жоғары техникалық деңгейі; жобаның экологиялық тиімділігі; дамуды пайдаланудың экономикалық маңыздылығы. Комиссия «Үздік инновациялық компания» номинациясы бойынша конкурс жеңімпазын мынадай критерийлер негізінде айқындайды: шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігі; патенттерден басқа, тіркелген зияткерлік меншік объектілері портфелінің болуы; өндіріске енгізілген өнертабыстар мен зияткерлік меншіктің өзге де объектілерінің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы; экспортқа арналған технологиялық жетілу. Комиссия «Ең белсенді өнертапқыш» номинациясы бойынша конкурс жеңімпазын мынадай критерийлер негізінде айқындайды: берілген патенттердің ең көп саны; әлеуметтік маңыздылығы; технологияларды өндіріске енгізу және (немесе) коммерцияландыру; әзірлемені пайдаланудың экономикалық маңыздылығы. Комиссия «Жас дарын» номинациясы бойынша конкурс жеңімпазын мынадай критерийлер негізінде айқындайды: әлеуметтік маңыздылығы; жобаның экологиялық тиімділігі; аналогтармен салыстырғанда дамудың жоғары техникалық деңгейі. «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру туралы шешім қатысушыларды жеке бағалау нәтижелері негізінде комиссия тарапынан қабылданады. Ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Комиссия «Жыл өнертабысы», «Әйел өнертапқыш», «Жас өнертапқыш», «Үздік инновациялық компания», «Ең белсенді өнертапқыш» және «Жас дарын» номинациялары бойынша комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен марапаттау арқылы шешім қабылдайды. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды. «Еңбек сіңірген өнертапқыш» төсбелгісін, мүсіншелерді, дипломдарды және ақшалай сыйлықтарды конкурс жеңімпаздарына табыстау салтанатты марапаттау рәсімі барысында өткізіледі. Салтанатты рәсімнің өткізілетін күні мен орны туралы мәліметтер конкурс жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады. Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу қағидаларына, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру қағидаларына 1-қосымша Нысан «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінішхат ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Қосымша: кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; үміткердің ең маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, шолулар және басқа материалдар; ___________________________________________ Ұйым басшысының Т.А.Ә. (бар болса) ___________________________ ___________________________________________ Күні Қолы Осы арқылы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің құрамында мен ұсынған дербес деректерімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу, оның қорытындыларын шығару және нәтижелерін ресімдеу мақсатында жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін. ___________________________________________ Қатысушының Т.А.Ә, (бар болса) ___________________________________________ Қолы Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу қағидаларына, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру қағидаларына 2-қосымша Нысан «Шапағат» конкурсына қатысуға арналған өтінім «Жыл өнертабысы» ¨ (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға) «Әйел өнертапқыш»¨ (жеке тұлға) «Жас өнертапқыш»¨ (жеке тұлға) __________________________________________ Номинациялары ________________________________________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) немесе патент иеленушінің (автордың) атауы ________________________________________________________________________________ Өнертабысқа патенттің(тер) нөмірі(лері) және атауы(лары) ________________________________________________________________________________ Байланыс ________________________________________________________________________________ Электрондық пошта ________________________________________________________________________________ Тіркелген жері және (немесе) орналасқан жері ________________________________________________________________________________ Осы арқылы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің құрамында мен ұсынған дербес деректерімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу, оның қорытындыларын шығару және нәтижелерін ресімдеу мақсатында жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін. Қосымша: қысқаша сипаттама; бір минутқа дейінгі презентация немесе бейнеролик; үміткердің ең маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, шолулар және басқа материалдар. ___________________________________________ Автордың/патент иеленушінің Т.А.Ә. (бар болса) немесе атауы ___________________________ ___________________________________________ Күні Қолы Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу қағидаларына, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру қағидаларына 3-қосымша Нысан «Шапағат» конкурсына қатысуға арналған өтінім «Үздік инновациялық компания» Номинациясы ________________________________________________________________________________ Компания басшысының/өкілінің Т.А.Ә. (бар болса) ________________________________________________________________________________ Зияткерлік меншік объектілеріне қорғау құжаттарының нөмірі(лері) және атауы(лары) (Өнертабыстар, пайдалы модель, селекциялық жетістік, тауар белгісі және т.б.) ________________________________________________________________________________ Байланыс ________________________________________________________________________________ Электрондық пошта ________________________________________________________________________________ Тіркелген жері және (немесе) орналасқан жері ________________________________________________________________________________ Осы арқылы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің құрамында мен ұсынған дербес деректерімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу, оның қорытындыларын шығару және нәтижелерін ресімдеу мақсатында жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін. Қосымша: қысқаша сипаттама; бір минутқа дейінгі презентация немесе бейнеролик; үміткердің ең маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, шолулар және басқа материалдар. ________________________________________ Ұйым басшысы _____________________________ ________________________________________ Күні Қолы Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу қағидаларына, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру қағидаларына 4-қосымша Нысан «Шапағат» конкурсына қатысуға арналған өтінім «Ең белсенді өнертапқыш» Номинациясы ________________________________________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) немесе патент иеленушінің/автордың атауы ________________________________________________________________________________ Өнертабысқа патенттердің нөмірлері мен атаулары ________________________________________________________________________________ Байланыс ________________________________________________________________________________ Электрондық пошта ________________________________________________________________________________ Тіркелген жері және (немесе) орналасқан жері ________________________________________________________________________________ Осы арқылы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің құрамында мен ұсынған дербес деректерімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу, оның қорытындыларын шығару және нәтижелерін ресімдеу мақсатында жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін. Қосымша: қысқаша сипаттама; бір минутқа дейінгі презентация немесе бейнеролик; үміткердің ең маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, шолулар және басқа материалдар. _________________________________ Патент иеленушінің/автордың Т.А.Ә. (бар болса) ______________________________ _________________________________ Күні Қолы Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша «Шапағат» конкурсын өткізу қағидаларына, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Еңбек сіңірген өнертапқыш» атағын беру қағидаларына 5-қосымша Нысан «Шапағат» конкурсына қатысуға арналған өтінім «Жас дарын» Номинациясы ________________________________________________________________________________ Ғылыми әзірлеме авторының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ________________________________________________________________________________ Жобаның атауы ________________________________________________________________________________ Байланыс ______________________________________________________________________________ Электрондық пошта ________________________________________________________________________________ Тіркелген жері және (немесе) орналасқан жері ________________________________________________________________________________ Осы арқылы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің құрамында мен ұсынған дербес деректерімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу, оның қорытындыларын шығару және нәтижелерін ресімдеу мақсатында жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін. Қосымша: қысқаша сипаттама; бір минутқа дейінгі презентация немесе бейнеролик. ____________________________________ Заңды өкілінің Т.А.Ә. (бар болса) ______________________________ _____________________________________ Күні Қолы