Соттың атауы: <_______________>
Мекенжайы: <________________>
Талап қоюшы: <________________>
ЖСН/БСН: <____________>
Мекенжайы: <________________>
Ұялы телефон: <____>
Электрондық мекенжайы: <_____>
Жауапкер: <____________>
БСН: <_________________>
Мекенжайы: <________________>
Ұялы телефон: <____>
Электрондық мекенжайы: <_____>
Талап қою бағасы: <____> теңге
Мемлекеттік баж: <___> теңге
ТАЛАП ҚОЮ
сыйақыны өндіріп алу және құқық иеленушінің құқықтарының бұзылғанын тану туралы
«__» ______ 20__ жылы Талап қоюшы мен ҚҰБҰ толық атауы> (бұдан әрі – Жауапкер) арасында құқықтарды ұжымдық басқару туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасалды, оған сәйкес соңғысына Талап қоюшының мүліктік авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарын ұжымдық негізде басқару жөніндегі өкілеттіктер берілді.
Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 5-тармағына сәйкес автордың немесе өзге де құқық иеленушінің туындыны пайдаланудың әрбір түрі үшін сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшері мен есептеу тәртібі авторлық шартпен, сондай-ақ авторлардың құқықтарын ұжымдық басқару ұйымдары жасайтын шарттармен белгіленеді.
Шарттың ____-тармағына сәйкес жауапкер Талап қоюшыға тиесілі авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдады.
Мұндай міндеттемелер ҚҰБҰ үшін Заңның 44-бабының 5-тармағында,
45-бабының 5) тармақшасында да тікелей көзделген.
Сыйақы мөлшері авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану түріне, объект санатына және пайдалану тәсіліне қарай, атап айтқанда: _______.
Заңның 46-бабы 1-тармағының 3) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 100 бұйрығымен бекітілген Құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оны пайдалануға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсыну қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 75-тармағының талаптарына сәйкес сыйақы есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей, тоқсанына кемінде бір рет төленуге тиіс (бұл талап Шарттың ___-тармағында да көзделген).
Сонымен бірге, өзіне қабылдаған міндеттемелеріне қарамастан, Жауапкер Шарт талаптарын тиісінше орындамай отыр.
Атап айтқанда, «__» ________ 20__ жылдан «__» ________ 20__ жылға дейінгі кезең үшін Талап қоюшыға сыйақы төленбеген.
Сонымен қатар, Жауапкер Заңның 46-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және Қағидалардың 68, 69-тармақтарында көзделген бірыңғай цифрлық платформада сыйақыны жинау және бөлу туралы есепті қалыптастыру, сондай-ақ төлеумен бір мезгілде құқық иеленушіге жиналған сыйақы мөлшері мен ұсталған сомалар туралы есептілікті ұсыну жөніндегі талаптарды бұзуда.
Дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу мақсатында Талап қоюшы «___» ________ 20__ жылғы сыйақыны төлеу және есептілікті ұсыну туралы наразылық хат жолдады.
Сонымен бірге, осы уақытқа дейін аталған талаптар орындалмаған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК)
272-бабына сәйкес міндеттеме міндеттеменің талаптары мен заңнама талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс.
Қолда бар ақпарат пен қолданылатын мөлшерлемелерді ескере отырып жүргізілген алдын ала есептеулер негізінде төленбеген сыйақы сомасы ________ теңгені құрайды.
Нақты мөлшерді сот Жауапкердің есептілігі, бірыңғай цифрлық платформадағы деректер және туындыларды нақты пайдалану туралы мәліметтер негізінде белгілеуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабына сәйкес азаматтық құқықтарды қорғау, оның ішінде міндеттемені орындауға мәжбүрлеу және тиесілі сомаларды өндіріп алу арқылы жүзеге асырылады.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 148–149-баптарын басшылыққа ала отырып,
СОТТАН СҰРАЙМЫН:
- Жауапкерді құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаның деректерін пайдалана отырып, жиналған сыйақы, оның бөлінуі, қолданылған мөлшерлемелер және ұсталған сомалар туралы толық есепті ұсынуға міндеттеу;
- Жауапкерден Талап қоюшының пайдасына төленбеген сыйақы сомасын ________ теңге мөлшерінде өндіріп алу;
- Жауапкерден сот шығыстарын, оның ішінде төленген мемлекеттік баж сомасын өндіріп алу.
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
- Талап қою арызының және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері;
- Мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек;
- «_» ________ 20__ жылғы құқықтарды ұжымдық басқару туралы шарт;
- Туындыларға құқықтарды растайтын құжаттар;
- «_» ________ 20__ жылғы наразылық хат;
- Наразылықты жолдағанын растайтын дәлелдемелер;
- Талап қою сомасының есебі;
- Өзге де құжаттар.
Талап қоюшы: ______________ ______________
Қолы Т.А.Ә.
_____________
Күні