Сәрсен Жандос Шералыұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

    Сәрсен Жандос Шералыұлы
    Руководитель

    Сәрсен Жандос Шералыұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

    Өмірбаян

    Ж.Ш. Сәрсен 1979 жылы дүниеге келген, «халықаралық заңгер» мамандығы бойынша Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (2001), «мемлекеттік басқару және менеджмент» мамандығы бойынша Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін (2010) тәмамдаған.

    2001-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет еткен.

    2011-2012 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

    2012-2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Орталық аппаратында басшылық лауазымдарда қызмет етті.

    2014 жылдың 26 қарашасынан 2016 жылдың 14 қаңтарына дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Қарағанды облысындағы Тәртіптік кеңестің төрағасы қызметін атқарды.

    2016 жылдың 14 қантарынан 2016 жылдың желоқсанына дейін - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы.

    2016 жылдың 30 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңеcтің төрағасы болып тағайындалды.

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2019 жылғы 8 тамыздағы №15 бұйрығына сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңеcтің төрағасы болып тағайындалды.

    2022 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті директоры лауазымына тағайындалды.

    2023 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Персоналды басқару департаменті директоры лауазымына тағайындалды.

    2024 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңеcтің төрағасы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері