
Кенжебаева Айгүл Қаржаубайқызы
Аппарат басшысы
Өмірбаян
1980 жылы 24 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика және еңбек әлеуметтануы» мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы жеке компанияда бастаған.
2003 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
2003-2017 жылдары ҚР Индустрия және сауда, индустрия және жаңа технологиялар, Инвестициялар және даму министрліктерінде әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2017-2023 жылдары ҚР Инвестициялар және даму, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің Стратегиялық жоспарлау және жобалау басқармасы департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2023-2024 жылдары ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Салааралық үйлестіру департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2024 жылғы 25 желтоқсаннан бастап Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Аппаратының басшысы қызметін атқарады.




