Мырзабаев Дархан Тілеубердіұлы

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

    Мырзабаев Дархан Тілеубердіұлы
    Вице-министр

    Мырзабаев Дархан Тілеубердіұлы

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

    Өмірбаян

    Мырзабаев Дархан Тілеубердіұлы 1989 жылғы 17 желтоқсанда Павлодар облысының Екібастұз қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар.

    2011 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2013 жылы IFP School-де (Париж, Франция) геоғылымдар магистрі дәрежесін алған.

    2017 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

    2021 жылы China Europe International Business School (CEIBS) оқу орнына Master of Business Administration (MBA) бағдарламасы бойынша «Цифрлық бизнес және маркетинг» мамандығына оқуға түскен.

    Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

    Еңбек жолын 2011 жылы «PGS Kazakhstan» ЖШС-де геофизик-тағылымдамашы болып бастаған.

    2012-2015 жылдары халықаралық Schlumberger компаниясында жұмыс істеп, геофизик-тағылымдамашыдан аға далалық геофизикке дейінгі жолдан өткен.

    2015-2019 жылдары «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-де Барлау және игеру департаментінің кен орындарын игеру жөніндегі инженері болып жұмыс істеген.

    2020 жылы Amazon EU S.A.R.L. компаниясында жұмыс істеген.

    2021-2022 жылдары «Эрнст энд Янг - консультациялық қызметтер» ЖШС-де аға консультант қызметін атқарған.

    Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2022 жылы Павлодар облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы қызметінен бастаған.

    Кейін «CSI Stat» ЖШС-нің менеджері, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті Инновацияларды дамыту департаментінің директоры, аталған комитет төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Жасанды интеллект және цифрлық трансформация бөлімі меңгерушісі қызметтерін атқарған.

    2026 жылғы шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері