Исақұлов Рахымжан Ержанұлы

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

    Исақұлов Рахымжан Ержанұлы
    Вице-министр

    Исақұлов Рахымжан Ержанұлы

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

    Өмірбаян

    Рахымжан Ержанұлы 1987 жылы 5 қарашада дүниеге келген.

    2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Роял Холловей университетін (Ұлыбритания) экономика және менеджмент бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Сондай-ақ, 2016 жылы Ұлттық Аспиранттар саяси зерттеу институтын (Жапония) мемлекеттік басқару магистрі мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі референтінің міндетін атқарушы болып бастады.

    2013-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің консультантынан бастап Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторына дейін түрлі лауазымды қызметтер атқарды.

    2018-2020 жылдары — Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

    2020-2023 жылдары — Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы.

    2022-2023 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы.

    2023 жылдың 6 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

    2024 жылғы 15 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері