Төренова Қалия Батталқызы

    Қала әкiмiнiнiң әлеуметтiк сала жөнiндегi орынбасары

    Төренова Қалия Батталқызы
    Заместитель акима

    Төренова Қалия Батталқызы

    Қала әкiмiнiнiң әлеуметтiк сала жөнiндегi орынбасары

    Өмірбаян

    Қалия Батталқызы Төренова 1966 жылғы 23 наурызда Омбы облысы Есілкөл ауданы Боевое ауылында дүниеге келген.

    1988 жылы Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтын «Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2021 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Өңірлік даму магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Жетекшілік ететін бағыттар: ішкі саясат, әлеуметтік сала, білім, мәдениет, тілдерді дамыту, спорт, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау.

    Еңбек жолын 1983 жылы СҚО Булаев ауданы Молодежная ОМ пионер жетекшісі болып бастады.

    1988-1993 жылдары СҚО Булаев ОМ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет етті.

    1993-1998 жылдары СҚО Булаев аудандық әкімшілігінің тілдер жөніндегі бөлімінің меңгерушісі болды.

    1998-2003 жылдары СҚО М. Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті.

    2003-2006 жылдары СҚО М. Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

    2007-2009 жылдары «Сарыарқа» СПК» НК» АҚ Ақмола облысы бойынша департаментінің менеджері, бас менеджері болды.

    2009-2011 жылдары «Қазақстан инжиниринг Астана қ.» Ұлттық компаниясы» АҚ әкімшілік департаментінің кадрлар бөлімінің бас менеджері болып еңбек етті.

    2011-2015 жылдары Астана қ. «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС адами ресурстарды басқару бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

    2017 жылы Астана қ. «Мырза-Хан» ЖШС персоналмен жұмыс бөлімінің бастығы болды.

    2017 жылғы мамырдан қазіргі тағайындауға дейін «Петропавл қаласы әкімі аппараты» басшысы қызметін атқарды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері