
Сандыбеков Марлен Бағытбекұлы
Қала әкiмiнiң экономика, кәсiпкерлiк, ауылшаруашылық және ветеринария мәселелерi жөнiндегi орынбасары
Өмірбаян
Марлен Бағытбекұлы 1984 жылдың 8 қаңтарында Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті - юриспруденция, К.Сағадиев атындағы халықаралық бизнес университеті – мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша.
Жетекшілік ететін бағыттар: экономика, қаржы, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, ветеринария
Еңбек жолын 2008 жылы прокуратура органдарынан бастаған. Әр жылдары Қостанай қаласы әкімдігінде, Сарыкөл ауданы әкімінің аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
Осы тағайындауға дейін Марлен Бағытбекұлы Қостанай облысы Мендіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.



