Мұхамедиев Серiк Мақсұтұлы

    Петропавл қаласының әкімі

    Мұхамедиев Серiк Мақсұтұлы
    Аким

    Мұхамедиев Серiк Мақсұтұлы

    Петропавл қаласының әкімі

    Өмірбаян

    Серiк Мақсұтұлы Мұхамедиев 1965 жылы 9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Көкпектi ауданы Биағаш ауылында дүниеге келдi.
    Бiлiмi жоғары, 1989 жылы инженер мамандығы бойынша Өскемен қаласының құрылыс-жол институтын аяқтаған.

    Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң 2023 жылғы 1 шілдедегі өкiмiмен Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды.

    Еңбек жолын 1989 жылы Алматы қаласының 2562 Автотiзбектi пайдалану бөлiмiнiң басшысы болып бастады. Сауда және бизнес салаларында экономист, сауда жөнiндегi орынбасары, сауда-саттық бөлiмiнiң басшысы, «Авто-Холдинг Компаниясы» ЖШС-нiң директоры, «Эй Джи Трэйд» ЖШС директоры, «Достар Плюс» Компаниясы» ЖШС-нiң қаржы директоры, «Дега плюс» ЖШС-нiң қаржы директоры (1991 ж. қараша — 2010 ж. шiлде) болып iстедi.
    Мемлекеттiк қызметте 2010 жылдың шiлдесiнен қазiргi уақытқа дейiн қызмет атқарып келедi. Солтүстiк Қазақстан облысының жолаушылар көлiгi және автомобильдер жолдары басқармасында жоспарлау және сметалық-шарттық жұмыстарды жүргiзу бөлiмiнiң бас маманы, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бөлiмiнiң бастығы, басқарма басшысының орынбасары, Солтүстiк Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарды (2016 ж. наурыз — 2021 ж. қазан). Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі (2021 ж. қазан — 2023 ж. маусым).

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері