
Абдрахманова Ольга Леонидовна
Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты КММ басшысы
Өмірбаян
Абдрахманова Ольга Леонидовна 1968 жылғы 2 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген.
2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін экономика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы С.М. Киров атындағы Петропавл зауытында радиоаппаратура монтажшысы, инженер-зертханашы болып бастаған.
1994-1995 жылдары Петропавл қалалық собесінде әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеді.
1995-1998 жылдары қалалық әкімшілік басшысы жанындағы қалалық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы қызметін атқарды.
1998 жылдан 2005 жылға дейін қалалық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді
2005-2009 жылдары – «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс секторының бас маманы, халықты жұмыспен қамту секторының меңгерушісі болды.
2009-2013 жылдары «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бақылау және ақпарат секторының бас маманы болып жұмыс істеді
2013 жылғы қаңтардан осы тағайындауға дейін «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарды.



