
Өмірбаян
Әбілхан Алмат Аманқосұлы 1967 жылы 4 қаңтарда Қазалы ауданы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Алматы зоотехникалық-малдәрігіерлік институты-зооинженер және Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Жергілікті мемлекеттік басқару»-менеджер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы, КПСС-тің ХХV-съезді атындағы совхозда ветеринарлық санитар болып бастаған.
1985-1987 жылдар аралығында Кеңес әскері қатарында болған.
1988 жылы Қазалы ауданы, КПСС ХХІІ съезді атындағы совхозда мал шаруашылығының жұмысшысы.
1993-1999 жылдары Қазалы қаласындағы № 8 кәсіптік училищеде оқытушы, училище директорының орынбасары.
1999-2002 жылдары Жаңақазалы поселкесі әкімшілігінің іс-жүргізушісі,поселке әкімінің орынбасары, көркейту-көгалдандыру МҚК бастығы.
2002-2004-жылдары кент әкімінің орынбасары.
2005-2006 жылдары Шәкен ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман.
2006-2008 жылдары Мұратбаев ауылдық округі әкімі.
2008-2010 жылдары аудандық ауылшаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары, Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы.
2010-2013 жылдар аралығында Қазалы қаласы әкімінің орынбасары.
2013-2017 жылдары Қарашаңгел ауылдық округінің әкімі.
2017-2020 жылдары Қазалы қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап Майлыбас ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.




