
Тлеумбетов Дәурен Онғарбайұлы
Қазалы ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Дәурен Оңғарбайұлы 1985 жылы Ү.Түктібаев ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін журналист және заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы аудандық «Қазалы» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған.
2011-2017 жылдары аудандық «Қазалы» газетінің жауапты хатшысы, аудан әкімінің баспасөз хатшысы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
2017-2020 жылдары Қазалы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы, Қазалы қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарып келді.
2020 жылдың желтоқсан айынан 2021 жылдың қыркүйек айына дейін ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.


