Ықыласов Уәлихан Әуезханұлы

    Қазалы қаласы әкімінің орынбасары

    Ықыласов Уәлихан Әуезханұлы
    Заместитель акима

    Ықыласов Уәлихан Әуезханұлы

    Қазалы қаласы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Ықыласов Уәлихан Әуезханұлы 1969 жылы 15 қарашада Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары.

    Еңбек жолын 1988 жылы Батыс Қазақстан теміржолы Қазақ локомотив депосының Қазалы ауданы бойынша тепловоз машинисті көмекшісін алмастырушы болып бастаған. 1991-1994 жылдары Қазақстан жастар бірлестігі қорының Қазалы ауданы бойынша жедел тобының мүшесі, Қазалы аудандық халық сотында сот отырысының хатшысы болған. 1994-1999 жылдары Қызылорда облыстық Әділет басқармасының Қазалы аудандық халықтық сотының сот орындаушысы, сот жасауылы қызметтерін атқарған. 1999-2004 жылдары Қазалы ауданындағы «Нұр» өндірістік кооперативінің заңгер консультанты және Қызылорда қаласындағы «Империя BRAG» ЖШС-нің заңгері. 2005-2011 жылдары Қазалы аудандық Әділет басқармасының жетекші маманы, бас маманы, басқарма бастығының орынбасары және Сырдария аудандық Әділет басқармасының жетекші маманы болған. 2011-2013 жылдар аралығында Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы, мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы. 2013-2016 жылдары Қазалы қаласы әкімінің орынбасары. 2016-2017 жылдары Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры қызметтерін абыроймен атқарған. 2019 жылы «Қазақавтожол» ЖШС Қызылорда облыстық филиалының Арал-Қазалы аудандары бойынша №49 жол пайдалану бөлімінің бастығы лауазымын атқарып келді.

    2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазалы ауданы Қазалы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері