Әбілов Әділхан Базарбайұлы

    Құмжиек ауылдық округінің әкімі

    Әбілов Әділхан Базарбайұлы
    Аким

    Әбілов Әділхан Базарбайұлы

    Құмжиек ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Абилов Адилхан Базарбаевич 02.04.1978 жылыҚызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылдық округінде дүниеге келген.

    1984- 1995 жылдары Басықара ауылындағы №182 орта мектепте біліп алған

    1995-1999 жылдары Қызылорда қаласындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтында, экономика және менеджемент мамандығы бойынша білім алған

    1999 -2000 жылдары әскерде болған

    Еңбек жолын 2001 жылдың сәуір айынан бастап Қазалы ауданы, Басықара ауылында еңбек шарты негізінде «Басықара ауыл округі» мемлекеттік мекемесінің маманы міндетін уақытша атқарушы.

    2001 жылдың маусым айынан Келісім-шарт негізінде арнайы тексеру қорытындысы келгенге дейін “Басықара ауыл округі” мемлекеттік мекемесінің маманы міндетін уақытша атқарушы.

    2001 жылдың қазан айынан «Басықара ауыл округі» мемлекеттік мекемесінің маманы.

    2003 жылдың қаңтар айынан «Басықара ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

    2004 жылдың шілде айынан Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі «Қазалы аудандық еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

    2005 жылдың сәуір айынан «Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту жөніндегі бөлімше жетекшісі.

    2007 жылдың мамыр айынан Қазалы ауданы, Басықара ауылында «Басықара ауылдық округі» мемлекеттік мекемесінің әкімі.

    2008 жылдың қыркүйек айынан Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі «Қазалы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде еңбек шарты негізінде маманы. 2008 жылдың желтқсан айынан «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Әйтеке би кентіндегі агенттік пункітінің маманы.

    2009 жылдың наурыз айынан«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Әйтеке би кентіндегі агенттік пункітінің маман-менеджері.

    2010 жылдың сәуір айынан «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Әйтеке би кентіндегі агенттік пункітінің бастығы.

    2011 жылдың шілде айынан «Қазалы ауданының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің маманы.

    2014 жылдың қаңтар айынан арнайы тексеру қорытындысы келгенге дейін Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары міндетін уақытша атқарушы.

    2014 жылдың сәуір айынан Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары.

    2015 жылдың наурыз айынан Қызылорда қаласындағы «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджері.

    2016 жылдың сәуір айынан Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі «Қазалы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің уақытша маманы.

    2016 жылдың тамыз айынан «Қазалы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің уақытша маманы. 2017 жылдың наурыз айынан «Қазалы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі.

    2017 жылдың шілде айынан «Қазалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі.

    2021 жылдың маусым айынан бастап 2022 жылдың қыркүйек айына дейн «Қазалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды.

    2022 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Құмжиек ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері